• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:35:23
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2017 NEWS

Депутаттықтан кеткен Тінікеев "тегін шопыр" болған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мұхтар Тінікеев қалаған адамды Астанадан Қарағандыға тегін жеткізіп салуды ұйғарып, қайырымды істер акциясына қосылған,...

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мұхтар Тінікеев қалаған адамды Астанадан Қарағандыға тегін жеткізіп салуды ұйғарып, қайырымды істер акциясына қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

"Бір сағаттан кейін Қарағандыға жүремін, жолсерік болғысы келетін кім бар, аяз ғой, ақша қажет емес...", - деп жазған Twitter желісінде Тінікеев.

Instagram желісінде ол осылайша Астана әкімінің бастамасын қолдайтынын айтып, жолға сағат 11.00-де "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен шығатынын нақтылады.

Айта кетейік, таяуда Астана әкімі Әсет Исекешев Facebook желісіндегі парақшасында аяз күндері қайырымды жүргізушінің тегін жеткізіп салғаны жайлы жазған автордың постын бөліскен еді. Автор барлық жүргізушіні осы адамнан үлгі алуға шақырып, "Қыс аяқталып қалды. Жүргізушілер, суық күндері "ауа" тасымаңыздар, барар жеріңіз бір болса, қайырымды іс жасаңыздар. Қайырымды іс акциясы таңнан басталса - күніңіз сәтті басталғаны", - деп жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір