• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:47:42
Алматы
+35°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев депутат болып сайланды. Ол қоғамда қызу талқыланып жатқан көп балалы аналардың мәселесіне қатысты пікір білдіріп, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистер экс-вице-министрден неліктен осындай қиын сәтте орнынан кеткенін сұрады. Ал Әлтаев болса, мұның жай ғана сәйкестік екенін, бұрыннан депутаттардың қатарына қосылуды ойлап жүргенін айтты. 

-Алғаш рет 2004 жылы Мәжіліс депуттаттығына үміткер болдым. Сол жылдары еліміздегі ең жас кандитат мен едім. Өкінішке қарай, өтпей қалдым. Ал екінші рет 2016 жылы қатыстым. Сол кезде "Нұр Отан" партиясынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне кіріп, резервте тұрдым", - дейді Әлтаев. 

Сондай-ақ Әлтаев бір балаға 20 мың теңгені жеткізуге болады деп ойлайды. 

"Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткізуге болады деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін", -дейді Әлтаев. 

Жаңа сайланған депутат жалға алған 2 бөлмелі пәтерде тұратынын, қанша айлық алатынынан әзірге бейхабар екенін айтты. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір