• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:21:51
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 NEWS

Денистің қазасынан кейін полицейлердің жалақысын көтеру ұсынылды

Қылмыскерлерді еркін босатып жіберудің бір себебі, заң қылмысқа адамгершілікпен қарайды.

Алматы қаласы ІІД-мен өткен қоғамдық тыңдау барысында кеңес мүшелернің бірі Әлібек Шәпенов ҚР заңнамасын қайта қарауды ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің байқауымша, ішкі істер органында жұмыс істейтіндер тым босаңсып кеткен. Ондағы жағдай тіпті нашар десе де болады. Неге бұлай болды? Қылмыс әлемі күшіне енген, қорқу деген сезім мүлдем қалмады. Меніңше, бұл қоғамды ізгілендірумен байланысты. Әлемдік стандарттардың ізінен қуамыз деп жүріп өзіміздің Еуропа емес екенімізді естен шығарып аламыз. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау дегенді басқаша түсінеміз. Ұсталғандардың бірі дәл сол күні, сол уақытта, сол сәтте Астанада, сот залында тұруы тиіс еді. Бұған дейін жасаған қылмысы үшін жауап беруі тиіс еді. Тек бәрі басқаша болды», - деді Әлібек Шәпенов.

Оның айтуынша, қылмыскерлерді еркін босатып жіберудің бір себебі, заң қылмысқа адамгершілікпен қарайды.

«Яғни, біз қылмыс жасаған адамның конституциялық құқығын қорғап, тергеу бөлімдеріне жібермейміз, басқа да ауыр жазаларды қолданбаймыз. Біз – тоналған, қорланған қарапайым халықпыз. Бұлай болмайды, заңды қайта қарау керек. Ізгілікке біздің қоғам дайын емес», - деді ол.

Сонымен қатар «полицейлерді ынталандыру үшін айлығын көтеру керек» дегенді де айтып қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір