• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:19:32
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 NEWS

Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында төрағалық етуші судья Кеңшілік Әбділдинов Нұралы Қиясовты 18 жылға, Арман Құдайбергеновті 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

"Нұралы Қиясов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 192-бабы 2-бөлімінің 2-тармағы (қарақшылық), 99-бабы, 2-бөлімі 7,8-тармақтары (кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылсын, 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге қамауға алынсын.

Арман Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 188-бабы 2-бөлімі 2-тармағы (ұрлық), 192-бабы 2-бөлімі 1,4-тармақтары(қарақшылық), 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы (кісі өлтіру) бойынша айыпты деп танылсын және жаза ретінде 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесіне қамауға алынсын.

Жанар Толыбаева Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау), 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (бір топ адаммен алдын ала келісіп ұрлық жасау) бойынша айыпты деп танылсын және жаза ретінде 4 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алынсын", — деп судья үкімді оқыды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір