• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 12:10:37
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 NEWS

Денис Теннің өлімі: Прокурор сотталушыларды 20 жылға қамауды сұрады

Прокурор Қуандық Досовтың айтуынша, сот отырыстары барысында күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі сот залындағы tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді. Прокурор Қуандық Досовтың айтуынша, сот отырысы барысында күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.

Арман Құдайбергенов "Ұрлық" "Қарақшылық", "Адам өлтiру" баптары бойынша айыпталуда. Нұралы Қиясов та дәл сол баптар бойынша айыпталып жатыр ("Ұрлықтан" басқа). Жанар Толыбаева "Ұрлық" және "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша айып тағылып отыр.

"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор Досов.

♦Денис Теннің өлімі: Куәгер екі полицей оқиғаның қалай болғанын баяндады

Денис Тенді кім өлтіргені белгілі болды

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткені белгілі.  Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлім етті. Сөйтсек, спортшы ұрылардың қылмысы үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. 

♦"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

♦"Денис Тен пышақтан қорыққан жоқ": Қылмыскер спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

♦Оксана Тен: Жанар Толыбаева Денис өлген күнге дейін Еуропамен байланыста болған

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір