• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:43:53
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 NEWS

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел түрмеде босанды

Алматы қалалық соты Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған қылмыскерлердің аппеляциялық шағымын қарауға кірісті

Алматы қалалық соты Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған қылмыскерлердің аппеляциялық шағымын қарауға кірісті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп жазады.

Денис Тенді өлтірді деген айыппен сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, ал олардың сыбайласы болды деп айыпталған аяғы ауыр Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі шыққаннан кейін 2 апта өткен соң кінәлілер аппелляциялық сотқа шағым түсірген.

Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев сотқа іс қағазына куәлік беруді сұрады. Белгілі болғандай, айыпталушы Жанар Толыбаева 2019 жылдың 6 наурызында екінші сәбиін абақтыда дүниеге әкеліпті.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөліктің айнасын ұрлаушылармен жанжалдасып, нәтижесінде көз жұмған болатын. Марқұмның автокөлігінің айналарын Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов шешіп алған, ал олардың сыбайласы Жанар Толыбаева сол кезде көліктен 7 метр жерде қарап, күзетіп тұрыпты.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір