• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:06:52
Алматы
+35°

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті Жанар Толыбаева мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Жоғарғы сотындағы сот актілерінің базасындағы материалдарға сүйенсек, 2018 жылдың 7 сәуірінде сағат 3.30-да Жанар Толыбаева Жібек жолы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында мас күйде "Kia Shuma" көлігімен келе жатқан.

Нәтижесінде күдікті ҚР Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Cот отырысында ол кінәсін мойындады.

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты Жанар Толыбаеваны үш жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, 22 жастағы Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша істе үшінші күдікті ретінде өтіп жатыр. 27 шілдеде ол 2 айға қамауға алынған болатын. ІІМ басшысы Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысынан келгенін және Алматыда даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір