• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:41:29
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Оқиғалар

Денис Тенге шабуыл жасаған жерден фотолар

Lexus көлігі Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында спортшыға шабуыл жасалған жерде тұр

Денис Теннің ақ түсті Lexus көлігі Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында спортшыға шабуыл жасалған жерде тұр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Денис Тен

Екі қаскөй белгілі спортшының көлігінің айнасын ұрлап алмақшы болады, бірақ көліктің иесі келіп қалған. Төбелес шығып, салдарынан жас спортшы пышақ жарақатын алады. Пышақтың жүзі Денис Теннің жамбас күретамырына тиген. 

Денис Тен

Спортшы үш литрге жуық қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ 25 жастағы Тен жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Денис Тен

Полицейлердің айтуынша, қылмыстық іс әуелгі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және 192-бап "Қарақшылық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99-бабына ("Адам өлтіру") ауыстырылды. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір