• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:41:29
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Спорт

Денис Тен тірі қалсын деп дұға етеміз – министр Мұхамедиұлы

Министр Facebook-тегі парақшасында спортшының басынан өткен жағдайды үлкен қайғы деп атады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәнерлеп сырғанау шебері Денис Теннң пышақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министр Facebook-тегі парақшасында спортшының басынан өткен жағдайды үлкен қайғы деп атады.

«Алматыдан сұмдық жаңалық келді. Мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен реанимация бөлімінде жатыр. Пышақ жарақатынан көп қан жоғалтыпты. Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері спортшының 3 литр қан жоғалтқанын айтып отыр. Олар Денистің өмірі үшін арпалысып жатыр.

Бұл үлкен қайғы. Миға сыймайды. Қазір бәріміз Денис Теннің аман қалуын тілеп отырмыз», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бүгін мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенді пышақтап кетті. Алматы ІІД аталмыш жайттың сағат 15:00 шамасында болғанын айтты.

«Бүгін 19.07.2018, сағат 15:00 шамасында Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болып жатқан жерінен белгісіз екі адамды көріп қалған. Сол жерде кикілжің туып, Денис Тенге пышақ жарақаты салынған.

Аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстары басталып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде. Алматы ІІД-нің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір