• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:22:51
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2018 NEWS

Денсаулық сақтау саласы толықтай электронды форматқа көшеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті құжаттарды электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті құжаттарды электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

Биылғы жылдың соңына дейін қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты қызметтерді электрондық үкімет порталы немесе ХҚКО-тары арқылы ала алады.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев пен басқа да вице-министрлер мен ірі IT-компаниялардың өкілдері қатысқан «Digital Arena» өтті. Форум шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің медицина саласын цифрлық технологияларға көшіру, соның ішінде қызмет алушыларға қажетті құжаттарды беру толықтай электронды форматқа ауысатыны туралы мәлімденді.

«Біздің электрондық форматқа көшудегі басты мақсат сыбайлас жемқорлық мәселелерін азайту. Ол үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен азаматтардың арасында тікелей байланысты үзіп, қызметтердің барлық түрін электрондық форматқа көшірудеміз. Яғни, барлық қызметтерді электронды үкімет арқылы (электрондық лицензиялау порталы) немесе ХҚКО арқылы азаматтардың мемлекеттік мекемелермен байланысын барынша азайту мақсатында жылдың соңына дейін түгелдей қызметтерді электрондық форматқа аударуды жоспарлап отырмыз», – деді Олжас Әбішев.

Ол фармацевтикалық қызметке лицензия алу, психодиспансер және наркологиялық диспансерлерден анықтама алу, сондай-ақ 088 және 086 нысандарындағы анықтамаларды алу сияқты қызметтерді атап өтті.

«Азаматтардың жұмысқа орналасу барысында бұл анықтамалардың барлығы электронды форматта болады, сол себепті мұндай құжаттар жалған жасалынбайды, себебі бұл құжат денсаулық сақтау жүйесінде заңдастырылған», – деп түсіндірді вице-министр.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жұмыс барысын аталған форматқа көшіру министрлік тарапынан көзделіп отыр.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта осы жобаны қаржыландырудың үш түрі бар: ақпараттандырудың қызмет көрсету моделі, МЖӘ үшін жеке қаржылық бастамалар, және де мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың қаражатынан қаржыландыру.

«Зерде» холдингінің үкіметтік деңгейде бекітілген ақпараттандырудың сервистік үлгісі бойынша мемлекеттік орган алдымен «Зердеге» өтінім жібереді. Одан әрі керекті қызметтерді алу үшін байқау жарияланып, компанияларды жинау, қаражаттандыру «Зерде» арқылы жүзеге асырылады»,  – деді ол.

Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктен қаржыландыруға келетін болсақ, компаниялардың өздері осы бастаманы қолданады.

«Компания келіп, бұл жобаны жүзеге асыруға дайын екендігін айтады: «міне, жоба, бизнес-жоспар, қаржы моделі». Егер үкіметтік агенттік бұл қаржы үлгісімен келісетін болса, біз «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңды қарастырып келіссөздер жүргізе бастаймыз», – деді вице-министр.

 «Үшіншіден, мемлекеттік органдардың немесе бағынышты ұйымдардардың қызметтерін жүзеге асыратын жинақтары бар, олар өздерінің қызметін жүзеге асырады және олардың таза пайдасының бір бөлігі ретінде біз кішігірім жобаларды тікелей қаржыландыруды қарастыра аламыз» – деп атап О. Әбішев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір