• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:15:40
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинге үкім шықты

6 ақпанда № 2 Медеу аудандық сотына Мусинге қатысты іс қозғалады. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына прокурорларға 25 мың доллар пара берді...

Алматыда қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинге үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін №2 Медеу аудандық соты Мусинды пара беру фактісі бойынша кінәлі деп тауып,  240 084 000 теңге айыппұл салды. Бұл алған парадан 26 есе көп.

Мусин айыппұлды бір жылдың ішінде төлеп бітіруі керек. Төлей алмаса, оны түзету абақтысына жабады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсіру үшін 15 күн берілді. 

2018 жылыдың 20 қыркүйегінде Серікбол Мусин Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылған болатын. 6 ақпанда № 2 Медеу аудандық сотына Мусинге қатысты іс қозғалады. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына прокурорларға 25 мың доллар пара берді деген айып тағылды. Сотта ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

Ұсынған: Маржан Сәбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір