• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:58:08
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Аймақтар

Денсаулығында кінәраты бар балалар үшін шығармашылық шеберхана өткізілді

10 қарашада Ақмола облысының Астрахань кентінде арнайы балалармен және 18 жастан асқан жандармен кездесу өтті.

Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Мүгедектігі бар балалар мен ересектер арасында жұмыс істеу жүйесін қоғамға белсенді бейімдеу мақсатын ұйымдастыру» жобасының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған шығармашылық семинар өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сүйеніп.

qamshy.kz

Семинардың басты мақсаты ата-анасының көмегі арқылы баланың жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, моториканы, моторлық қызметті дамыту.

10 қарашада Ақмола облысының Астрахань кентінде арнайы балалармен және 18 жастан асқан жандармен кездесу өтті. Балалар аналарымен бірге және өз бетімен, мұғалімдер мен оқытушылардың көмегі арқылы жаңа жылдық шыршаға әдемі әшекейлер жасады. Балалар түстерді қайталады, түрлі материалдармен танысып, дамытуға арналған жаттығулар жасады, топ болып та жұмыс істеді.

qamshy.kz

Балалар шығармашылық жұмыстарымен айналысқанда, олардың ата-аналары әлеуметтік проблемалардың өзектілігі бойынша зерттеуге арналған арнайы сауалнаманы толтырды. Сондай-ақ, оларға кеңес беріліп, қауымдастықтың қайырымдылық қызметі туралы таныстырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір