• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:24:51
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 Сұхбат

Денесінен ине табылған қыздың әкесі: Аружан Саин бізге жазықсыз жала жапты

Әкесінің айтуынша, Аружан Сайын ата-ана құқығынан айыру бойынша әрекет жасап, қызды балалар үйіне табыстамақшы.

Денесі мен басынан ине табылып, асқазаны улы сұйықтықтан уланған сегіз жастағы Айнаның әкесі заңгер Айгүл Орынбекпен кездесіп, оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Қыздың әкесімен сұхбат барысында заңгер Facebook желісінде тікелей эфирге шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әкесінің қауіпсіздігі үшін Айгүл Орынбек оның түрін жасырын ұстап, есімін атамауды жөн санады.

«Қазір қыздың жағдайы жақсы, Аружан Саинн айтқандай 8 келі емес, 17 келіге дейін жетті. Сабағына барып жүрді. Мен ол кісіге көмек сұрап барған едім, бірақ ол үстімізден іс қозғап жіберді», - дейді әкесі. 

Әкесінің айтуынша, Аружан Саинмен жолықпай тұрып та, қызға талай мәрте ота жасалған. Ал Аружан болса ата-ана құқығынан айыру бойынша әрекеттеніп, қызды балалар үйіне табыстамақ болған. Қыздың әкесі бұған түбегейлі қарсы. Себебі олардың қыздарына деген мейірімі мен махаббаты шексіз екен.

«Ол балалар үйінде бізді іздеп, сағынатын болады. Ол жерге үйренісе алмайды. Себебі біздің мейірімімізге бөленіп өсті», - дейді әкесі.

Айта кетейік, Аружан Саинның бастамасымен құқыққорғау органдары ҚР ҚК 1 бөлімі 141 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда тергеу жұмыстары нәтижесінде, ата-ананың әрекетінен қылмыс құрамы табылмады. Қылмыстық іс тоқтатылды. Дегенмен қоғам қайраткері әлі күнге дейін қыздың әкесінен күдіктенетін көрінеді. Бұған ер адам қапалы.

«Мен тергеуден бұдан бұрын да қашпағанмын. Бүгін де дайынмын. Прокуратураға дейін келіп экспертиза жасатсын, мен оған дайынмын. Тек қызым емделсе болғаны», - деді ол.

Ал қызына кімнің қастандық жасауы мүмкін екенінен әкесі хабарсыз. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін әйелі екеуінен өзге жақын туыстары мен көршілеріне дейін тергелген. Бірақ күдікке ілінер бір жан табылмады. Ер адам мұны «жұмбақ жағдай» деп отыр.

Еске салайық, Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында 2011 жылғы Айна есімді қызға қатысты жантүршігерлік мәліметтер жариялаған. Ал бүгін Түркістандағы билік өкілдері қызды толықтай өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір