• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:27:46
Алматы
+35°

Ослодағы Норвегиялық комитет 2018 жылы сексуалды зорлыққа қарсы жасаған еңбегі үшін Денис Муквеге мен Наде Мурадқа Нобель сыйлығы берілгенін хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.    

Наде Мурад Басе Таха – Ирактың құқық қорғаушысы. БҰҰ-ның есірткі мен қылмысқа қарсы басқармасының ерікті ізгі ниет елшісі, адам құқықтары бойынша Вацлава Гавела жүлдесінің лауреаты және Андрей Сахаровтың пікір еркіндігі жүлдесінің иесі.

Наде Мурад ДАИШ-та сексуалды құлдықта болған. ДАИШ содырлары Наденің тұрып жатқан ауылын басып алып, ата-анасын өлтіріп, өзін құлдыққа алып кеткен. Наде қашып кеткеннен кейін журналистерге ДАИШ-тың адамдарға жасаған озбырлығын, оның ішінде әйелдерді қалай қорлап жатқанын айтып берген. 

Денис Муквеге – гинеколог, Құрмет орденінің иегері. Топпен зорланған әйелдерге медициналық көмек көрсететін Панзи ауруханасының директоры. Муквеге гинекологиялық жарақаттарды емдейтін ең жақсы маман болып танылды.  

Биыл Нобель сыйлығына 329 үміткер тіркелді. Оның 112-сі қоғамдық және халықаралық ұйымдар.

2018 жылы Нобель сыйлығының соммасы  - бір миллион доллар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір