• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:19:18
Алматы
+35°

06 Қараша, 2017 NEWS

ДАИШ содырының әйелі отбасылық өмірі туралы айтып берді

Тания мен Джон 2013 жылы Сириядағы ДАИШ-қа қосылуды жоспарлады

Британия тумасы Тания Георгеластың жасы 33-те. Оның айтуынша, ол бала кезінен құрдастары мен көршілері тарапынан көп қорлық көрген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

«ДАИШ-тың бірінші ханымы» террористік топтың ресми мүшесіне тұрмысқа шыққан. Ол отбасылық өмірі және Британиядан Сирияға қалай барғанын, АҚШ-қа қалай келгенін айтып берді.

— Мен бала кезден нәсілшілдікті көріп өстім. Көршілеріміз нашар адамдар еді. Олар біздің тереземізді жиі сындырып тастайтын. Мен өзімді қоғамнан алшақталған адам секілді сезінетінмін. Мен адамдардың сазайын бергім келді.

Оның айтуынша, 2001 жыл 11-ші қыркүйектегі теракті оның радикализмге бет бұруына түрткі болды.

— Менің жасым 17-де болды. Мен ғимараттардың қалай құлағанын көрдім. Келесі күні мектепке бардым.

Бірнеше жылдан кейін Тания Ирактағы соғысқа қарсы митингіге қатысты. Танияның айтуынша, онда таныстық сайтының жарнамалық парақшасы таратылды. Сол сайт арқылы ол Джонмен танысқан. Джон АҚШ-тағы әскери дәрігер, полковник Тимоти Джорджеластың баласы. Джон 1983 жылы дүниеге келген. 11-ші қыркүйектегі терактіден кейін ол мектептегі оқуын тастап, радикалды діни ағымға қызыға бастаған.

2004 жылдың қазан айында олар үйленді. Ол уақытта Тания жүкті еді.

— Біз өз жеріміз болғанын қаладық. Балаларымызды адамдарды өлтіруге үйретіп, жихад жасағанын қаладық.  

Тания мен Джон 2013 жылы Сириядағы ДАИШ-қа қосылуды жоспарлады. Ол уақытта олардың үш баласы бар еді.

— Джон Сирияға барғысы келді. Мен әлі дайын емес екенімді айттым. Балалар да өте кішкентай еді. Ол уақытта мен жүктіліктің бесінші айында едім, бірақ біз балаларымызды алып Сирияға қашуды ұйғардық.

2013 жылдың тамыз айында олар Сирияға автобуспен шықты. Олар тоқтаған үйде терезеде, су да, құнарлы тамақта болмады. Бірнеше күннен кейін Тания мен балалары ауыра бастайды. Осыдан кейін Тания мен балалары АҚШ-қа қашамыз деп шешеді. Күйеуі Сирияда қалды. Тания балаларымен Техасқа келді.

— АҚШ-қа жеткеннен кейін интернет арқылы ер адамдармен таныса бастадым. «Менің 4 балам бар. Күйеуім екінші Усама бен Ладен болу үшін бізді тастап кетті» деп жаздым. Маған 1300 жауап келді.

24 сағаттың ішінде Тания IT қызметкері Крейгпен танысты. Алғашқы кездесуде-ақ ол бұрынғы күйеуі ДАИШ содыры екенін айтқан.

Бастапқы кезде олар кездесіп жүрді. Бірақ көп уақыт өтпей екеуі бірге тұрамыз деп шешеді.

Крейг Миннесоттада туылған. Техасқа көшіп келген.

Олар шіркеуге жиі барады. Тания радикализмге қарсы сайт құрғысы келетінін айтады. Ол бұрынғы террористерге  көмегін тигізеді деп сенеді.

— Көбі маған жолы болмаған адам ретінде қарайды. Бірақ мен Сириядан қашып кете алдым. Мен тірімін. Балаларым бақытты, денсаулығы жақсы. Өміріме көңілім толады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір