• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:17:44
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Әлеумет

Дайын «дәптер» тұрғанда «тетрадьқа» жүгіруді қойыңдар, ағайын!

Мұның орысша  әлпеті яғни "тетрадь" бізге  қанға сіңгені сондай, мән берместей жүздеген данасымен ала береміз.

Қамшының хат қоржынына «Ұлт сүйер ұрпақ керек болса...» деген тақырыппен ұлт жанашыры Дастан Абдырахманұлынан хат келді. Өзекті дүниені қозғаған азаматтың үндеуін оқырман назарына ұсынамыз.

Құрметті Алаш белесіндегі сауатты ұрпақ тәлімдеген ата-ана!  Жалпы, намысы оттай жанған қазағым, қандай да  бір қиын-қыстау көпірінен өте білген қазағым бала тәрбиесіне және оның сауаттылығына аса зор мән бергенін білеміз. Қазіргі Тәуелсіз елімізде бұл үрдістің орны тым бөлек қарқында орын алып жатқан жайы бар. Бұған біз тек қуанбасақ, қапы болмайтынымыз аппақ сүттей анық. Көзі ашық, сапалы білімді болашақ ұлан-байтақ елімізге дәл керектің қасы. Себебі өз жеріміздің қандай да бір байлығын, басқа да өркендеу шараларын тек өзіміздің ұрпақ көтеріп игерсе деген ықылас нысаны  әр қазақтың арманы екенін біліп жүрміз. Осындай үдерістің қасында, әлбетте, бізге білімдісімен қоса ұлт сүйер өскелең ұрпақтың керегі етікшіге біз қалай керек болса, қазаққа дәл солай керек болып тұр. Бұл шеңбердегі ұрпаққа тәрбиемен қоса патриотизімді сіңіретін  жалпы ата-ана, аға-әпке және бұл тұрғыда өте көп әсер беретін мұғалімдер қауымы.  Алаш зиялысының төресі Әлихан Бөкейханның бұл тұрғыдағы сөзін айта кетпеске болмас, 

"Ұлтты сүю білімнен емес, мінезден" деп текке айтпаса керек. Әлбетте, оқушы баланың осы бір сағы босаңқы кезден ұлтқа деген сүйіспеншілігін мығым қатайту  сіз бен біздерге үлкен аманат болмақ, ағайын.

Енді осы біздің сөзіміз әрдайым ауызымызда, бірақ ісіміз қолда болмай кететіні өкінішті. Сондықтан мың өліп, мың тірілген қазағым аталмыш үдерісті бүгіннен және дәл өзімізден басталық.  Жайдарлы жаздың екі айын тізе бүктіріп, үшінші айының белінде отырмыз,  міне,  күздің қарасына да санаулы жетілер қалды. Бұл  тұрғыда қазақшылығымызды осы бір майда, бірақ маңыздылығы өте зор дүниелерден бастауды қажет деген ойдамын . 

Мектеп барысындағы балаңызға  алынатын оқу құрал-жабдықтардың тек қазақ тілінде болуын таңдау сіздің қазақы санаңыз бен қолыңыздағы дүние болмақ. Егер сіз тек қазақы нышаны бар жабдықтарды ала бастасаңыз , әлбетте, бұл балаға оттай басылып зор әсер береді. 

Әсіресе бала айтарлықтай көп қолданатын дәптер мәселесі. Мұның орысша  әлпеті яғни "тетрадь" бізге  қанға сіңгені сондай, мән берместей жүздеген данасымен ала береміз. Егер биыл да дәл  солай  болатұғын болса , бұл келер жылда да сұраныс та болатыны айдың жүзіндей анық. Сондықтан биылдан қалмай ұрпағымызға тек қазақы нақыштағы құрал-жабдықтарды алуға атсалысалық. Ұлттық қонышымызға үлес қосу, бізден балаға өтуі абзал.

Осы үрдісте тағы бір үлкен көңіл бөлетін мәселе , "күнделік" және "дәптер" бетіндегі қай-қайдағы жоқ суреттер. Бізге түкке қатысы жоқ , он қайнаса да сорпасы қосылмайтын шетел футболшылары, әншілері, тағы басқа сүйкімсіз бейнелерді  сүйсініп  алуды міндетті түрде қоялық. 

Оның орнына тек ұлттық рәмізіміз  салынған, қазақтың асыл тұлғалары, хандар мен батырлары бар суреттерді алуға мәжбүрлі түрде көшейік. Түсінемін,  баланың көңіліне қарау қазіргі тұрғыдағы ата-ананың өкінішті сипаты . Алайда , ұмытпаңыз балаға қазір тіліңіз өтпесе , кейін  есейген де "ақ тоқты армандапты қыстың күні көк шөпті" болып жүрмесін, мәжбүрлі деп отырғаным осы, ағайын. Бұл біздің бастамамыздың  аяғында мынандай жеміс әкелетінін көреміз. Басым бөлігіміз осыған тартылсақ, басқасы да өздігінен қазақшылыққа  созыла кіріседі. Егер биыл қазақы нақышқа сұраныс жасасақ, бұйырса келесі жылы баланың оқу науқанына арналған жабдықтар сөрелерде басым бөлігі қазақшаланады. Себебі сұраныс бар  жерде , тапсырыс бар. 

Біздің қазақшылығымыз осылай әр жанұяның түйсігінен өтіп, ұлттық тәрбие мәтініне айналуының маңызы зор болмақ. 

Оқу жылында барлықтарыңызға тек сәттілік және шыдамдылық тіледім. Қазақшылығымыз жылдан жылға артып, өскелең ұрпаққа қазақы сауат пен ұлтын сүйер мінез беруге асығайық, бауырлар!

Дастан Абдырахманұлы

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір