• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:51
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2018

Дәурен Серғазин Қазақстанның «Үздік актері» атанды

Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.

Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен, 27-наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.

Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген, кино әлемінде «Алдар көсе», «Шәмші аға» бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған.

Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса «Тілеп-Сарықыз» қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, «Моцарт» мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көз айымы болып жүрген Назерке Серікболова Сахнагердің арнайы «Үміт» сыйлығымен марапатталды.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір