• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:00:52
Алматы
+35°

27 Қараша, 2017 Әлеумет

Дәурен Абаев жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын «Ниет» байқауын жариялады

Бас жүлдеге 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік роликтің үздік сценарийіне арналған «Ниет» байқауын жариялады. Бұл туралы министр өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бас жүлдеге 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі.

«Менімен бірге байқаудың қазылар алқасына «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова, Қазмедиа медиамектебінің директоры Махаббат Есен және Standard Life акционері Дәурен Күмпейісов қосылып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады», - деп жазды Дәурен Абаев.

Толық ақпарат арнайы сайтта: http://bestidea.kz/

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір