• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:24:31
Алматы
+35°

26 Наурыз, 2019 NEWS

Дәурен Абаев: Уақыт керек...

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтар Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып.

"Қазақстандықтардың реакциясын бақыладым. Астана атауын өзгерту айтарлықтай пікірталас туғызғанын мойындау керек, соның ішінде теріс пікірлер де болды", - деді Абаев үкімет дәлізінде.

Министр елорданың жаңа атауына үйрену үшін қазақстандықтарға уақыт қажет екенін айтты.

"Барлық процесс үшін белгілі бір уақыт қажет. Естеріңізде болса, Ақмоланы Астана деп өзгерткен кезде, түрлі пікір айтылған еді. Уақыт өткеннен кейін, Астана брендін бәріміз де жақсы көріп кеттік", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір