• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:42:08
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2017 Әлеумет

Дәурен Абаев су тасқыны жайында: Билік халықты мұқтаждықта қалдырмайды

«Хабар» арнасында Михаил Дорофеев жүргізетін «Ашық сұхбат» бағдарламасында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен сұхбат...

«Хабар» арнасында Михаил Дорофеев жүргізетін «Ашық сұхбат» бағдарламасында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен сұхбат болды. Әр аптаның өзекті мәселелерін талқылайтын бағдарламадағы сұхбат бұл жолы елдегі су тасқыны, ЭКСПО көрмесі қарсыңындағы келеңсіздіктер, ревальвация мәселелері жайында өрбіді.

Ең бірінші мәселеде еліміздің бірнеше аймақтарын су басып, салдарынан тұрғындар баспанасыз қалды. Бірнеше жылдардан бері күтпеген су тасқыны қарапайым халықты есеңгіретіп тастады. Бойларын үрей билеген халықтың қорқынышын енді кім сейілтпек? Шығындар өтеле ме? Келесі жылы су тасқынының қайталанбасына кім кепіл? Осы мәселе турасында Дәурен Абаев өз ойымен бөлісті.

«Төтенше жағдайлар Комитетінің бұрынғы басшысы Владимир Божко былай деген: «2004 жылдың өзінде осы жылғы тасқыннан қарағанда су ағыны 50 пайызға кем болған». Иә, бұл жолғы су тасқыны үлкен шығын алып келді. Адамдар билікті бұл оқиғаға бейжай қарап отыр отыр деп ойлайды. Бұл пікірдің қате екенін айтқым келеді. Төтенше жағдай қызметкерлері ауыл демей, қала демей, күні-түні, сағат сайын, минут сайын адамдарға көмек көрсету үшін талмай-тынбай еңбектеніп жүр. Миллион кубометр су тазаланды, уақытша бөгеттер құрылды, алайда адамдарды толғандыратын мәселе – өтемақы. Тұруға жарамсыз үйлеріміздің орнын қалай келтіреміз дейді? Ол жағынан да билік әрекетсіз емес. Алдымен су басқан жердің көлемін анықтауымыз қажет, содан кейін бәрінің шығыны өтеледі. Мемлекет халықты қараусыз қалдырмайды», деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі.

Онымен қоса, Дәурен Абаев зардап шеккен тұрғындарға көмектесу үшін апталап үй бетін көрмей жүрген еріктілерді ерекше атап өтті, оларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, халықтың көкейінде жүрген келесі сұрақ – «Бізді осындай жағдайға душар еткен кінәлілер жазалана ма?». Ақпарат тізгіншісі бұл сұрақты да жауапсыз қалдырмады. Оның айтуынша, қандай жағдай болмасын арнайы тексерістер жүргізіледі. Осы жолы Атбасар кентіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, ауылға былтыр ғана берілген бөгет шыдамай жарылып кеткен.

Келесі кезекте талқыланған мәселе – Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі. Көктемнің бел ортасы болды, көрмеге дайындық қызу жүріп жатыр, алайда халық арасында көрмеге қатысты келеңсіз мәселелер бой көтеріп жатыр. Мәселен, ЭКСПО-ға бару үшін мұғалімдерге, жұмысшыларға қинап билет алғызып жатқан көрінеді. Билік шын мәнісінде осындай әрекеттерге барып жатыр ма деп ойлайсың. Бұған қатысты Дәурен Абаев былай деді:

«Ешқандай мәжбүрлік болмайды. Мүмкін кейбір жерлерде бар болуы мүмкін, алайда мәжбүрлеп билет сатқандар жазасыз қалмайды».

Бұдан бөлек Дәурен Абаев ЭКСПО-ға келушілердің саны көп болатынына сенімді. Оның ойынша, көрмеге деген қызығушылық халық арасында күн санап артып келеді. Жақын арада көрменің бағдарламасы дайын болады, ол бағдарламаның тезірек шығуын, тіпті шетелдіктердің өзі асыға күтіп жүрген көрінеді.

ЭКСПО көрмесінің билет құны да ескерусіз қалмады. Қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейтіндей қымбат екенін де айта кеткен жөн. Дей тұрғанмен, Дәурен Әскербекұлы көрмеге қатысудың бірнеше жолдарымен бөлісті: 6 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, соғыс ардагерлері т.б. тегін кіреді, сондай-ақ демеушілер тарапынан да жеңілдіктер бар, мәселен мектеп оқушылары үшін билет қүны 50% жеңілдікпен сатылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір