• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:23:52
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Дәурен Абаев «Қалаулым» бағдарламасына қатысты түсініктеме берді

Қазіргі таңда "Қалаулым" бағдарламасы "Еуразия" бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.

"Еуразия" бірінші арнасынан көрсетілетін "Қалаулым" бағдарламасы бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

"Қалаулым" бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын", — деп жауап қайырды министр қысқа да нұсқа. 

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында танымал блогер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан "Қалаулым" бағдарламасын телеарнадан көрсетпеуді сұраған болатын. Министр мырза атышулы ток-шоу  жайында алғаш рет естігенін және оның мазмұнын тексеруге уәде берген еді.

Қазіргі таңда "Қалаулым" бағдарламасы "Еуразия" бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір