• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:47:48
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Дәурен Абаев "Кейкі мерген" телехикаясының сценарийімен танысты

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жанынан құрылған көркем телехикаяларды іріктеу жөніндегі Сарапшылар кеңесі Кейкі батыр туралы туындының идеясын мақұлдады.

17 мамырда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев «Кейкі мерген» телехикаясының шығармашылық тобымен кездесті. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кейкі батыр

«Кездесуде телехикаяның басты режиссері Мұрат Бидосов сценарийдің алғашқы нұсқасымен, телеxикаяның түсірілім жоспарымен, кастинг нәтижелерімен таныстырып өтті. Сондай-ақ, туындының тарихи кеңесшісі Берік Әбдіғалимен бірге телехикаяның сценарийін жан-жақты талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті. "Qazaqstan” телерадиокорпорациясының тапсырысымен дайындалып жатқан бұл туынды Кейкі батырдың өмірі мен мергендігін суреттейтін, бір ғасыр бұрынғы оқиғаларды, қазақ халқының сол кездегі жағдайын баяндайтын телеxикая болмақ. Кездесу нәтижесінде, Дәурен Әскербекұлы өз тарапынан сценарий бойынша ескерту мен ұсыныстарын айтып, шығармашылық топқа сәттілік тіледі», - деп жазды Ерлан Қарин.

Кейкі батыр

Бұдан бұрын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жанынан құрылған көркем телехикаяларды іріктеу жөніндегі Сарапшылар кеңесі Кейкі батыр туралы туынды идеясын мақұлдаған болатын.  «Кейкі мерген» телехикаясы бойынша Кейкі батырдың өмір сүрген ортасы туралы зерттеулер жасап жүрген Шөптібай Байділдин мен тарихшы Берік Әбдіғали телехикаяға байланысты ой-ұсыныстарын айтып, телехикая режиссері Мұрат Бидосов ұсынған сценарийдің алғашқы нұсқасы талқыланған.

Дәурен Абаев - Кейкі батыр

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы  (1871-1923) - 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел ауызында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.

Кейкі батырдың әдебиеттегі бейнесі Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасында Кете батыр болып бейнеленеді. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасөзде жасалған көркем бейнесі Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған.

Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны (Алматы, «Білім», 2001). Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір