Құрылғанына 2 жыл болған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі не атқарды?

Құрылғанына 2 жыл болған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі не атқарды?
Ⓒqamshy.kz

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуін өткізіп, өздерінің 2017 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баяндама барысында министр мамырдың 6-сы күні Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылғанына 2 жыл толғанын атап өтті. Осы аралықта мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасы артып, ондаған тараулардың орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданған. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сапасын арттыру үшін де бірнеше нормативтік бастамалар қалыптасып отыр.

– Мысалы, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Алайда, арнайы қағида қабылданды. Осылайша, БАҚ-ты іріктеу үдерісі қоғамдық ұйымдардың ашық бақылау мүмкіндігін қалыптастырды. Ал мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жоғары талапқа сай БАҚ өкілдері ғана қатыса алады, – деді Дәурен Абаев.

Тағы бір айта кетерлігі, 2017 жылы елімізде мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 40 сериал түсірілген. Бұл – 2016 жылғы жағдайдан 2 есе артық көрсеткіш. Оның бірегейлерін өз елдерінде көрсету құқығын Қырғызстан, Ресей, Қытай, т.б. көрші мемлекеттер сатып алған. Сондай-ақ, елімізде тек қазақстандық көркем және деректі фильмдер көрсететін «Еларна» телеарнасы ашылып, отандық телеарналарды онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін Galam.tv жобасы жаңартылған. Оған қоса, Ақпарат және коммуникациялар министрі биылдан бастап аймақтардағы анологтық хабар таратуды кезең-кезеңімен тоқтататынын айтты.

– 2018 жылдың соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық теле және радиохабар таратуға көшеді. Ал өзге аймақтар цифрлық хабар таратуға 2020 жылдың соңына дейін ауысады. Сонымен қатар, Otau tv отандық спутниктік операторын дамыту мақсатында жаңа Otau+ ақылы пакетін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның құрамында шетелдік түрлі жанрда белгілі 14 телеарна болады. Otau+ тамашалағысы келетіндер айына 500 теңге төлейді, – деді Дәурен Абаев.

Cонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан «Ашық үкімет» жобасына ерекше назар аударылатыны да айтылды. Дәурет Абаевтың сөзінше, ашық деректер порталы арқылы ел азаматтары алдағы уақыттарда 2 мың 800-ге жуық дерекке қол жеткізе алады екен. Бұл көрсеткіш арта түсуі де тиіс және аталмыш порталда 25 мың нормативтік құқықтық акт пен дәл сондай көлемдегі бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналасатын болады.

– Кез келген азамат мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің блогплатформасы арқылы өзін қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, ашық диалог порталы арқылы интернет-конференцияларға қатыса алады. Бұл құралдардың барлығы ел тұрғындары мен мемлекет арасындағы көпірді нығайту үшін қолға алынып отыр, – деді министр және еліміздің ақпараттық нарығын ынталандыру мақсатында өтіп жатқан имидждік іс-шараларға да тоқталып өтті.

– Биыл телевизиядағы журналистер арасында «Тұмар» байқауы екінші рет өтті. Бұл шара қазақ телевизиясының 60 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Осы жылдың маусым айында, яғни БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үркер» премиясы салтанатты түрде табысталады. Сонымен қатар, қазақстандық БАҚ үшін Astana Media Week аптасын өткізу дәстүрге айналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімін» де жүзеге асыруда. Ашық дауыс беру нәтижесінде, өз еңбектерімен үлкен әлеуметтік табысқа жеткен еліміздің жаңа есімдері белгілі болды. Өткен жылдың 1 желтоқсанында олар Елбасымен кездесті. Осы орайда, «100 жаңа есімнің» қоғамға пайдалы жобалары мемлекеттің қолдауына ие болатынын атап өткім келеді, – деді Дәурен Абаев.

Баяндама барысында зорлық-зомбылық көрген немесе басқа да құқық бұзушылықтардан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында, олардың бет-әлпеті мен балаға қатысты ақпараттарды жариялауға тыйым салынғаны айтылды. Балаларды интернеттегі деструктивті ақпараттардан қорғау үшін де өткен жылы министрлік байланыс операторлары және «Болашақ» қауымдастығымен бірлесе отырып, білім беру интернет жобасын іске қосқан. Бұл жобада балаларға арналған қауіпсіз интернет-сервистер, танымдық және ойын түріндегі бағыттар қарастырылған 3 мың 500-ден астам сайт бар екен. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енді көпшілік шоғырланған жерлерде тек отандық арналарды көрсету қажеттілігі туралы міндеттеме белгіленген.

Есептік баяндамадан кейін Ақпарат және коммуникациялар министріне онлайн-режимде байланысқа шығып отырған аймақтардың тұрғындары мен залдағы жұрт бірнеше сұрақ қойды. Енді солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталып өтсек...

БАҚ өкілдерінің бірі министрден баспанамен қамту бағдарламалары аясында журналистердің жекелей қарастырылу-қарастырылмауы жөнінде сұрады.

– Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 95 пайызы – жекеменшік компаниялардың еншісінде. Сол себепті, жекеменшік БАҚ баспанамен қамту мәселесін өздері шешуі тиіс. Мысалы, мұғалімдердің барлығы бюджеттік қызметкерлер десек, журналистердің басым бөлігі бұл санатқа жатпайды. Ал біз әр ведомствоға бағынышты ұйымның басшысына осы мәселені қоямыз. Бұл мәселе бір жерде шешіледі, енді бір жерде шешілмей жатады. Бір жерде жатақхана бар дегендей. Егер ведомствоға бағынышты ұйымдардың басшылары маған ұсыныспен келсе, біз оларды міндетті түрде қолдаймыз. Сондықтан БАҚ жетекшілерінен ұсыныстар күтемін, – деді Дәурен Абаев.

Келесі сұрақ ұялы байланыс операторларына қатысты болды. Оған жауап берген министрдің айтуы бойынша, қазақстандықтар ұялы телефондарын 2018 жылдың аяғына дейін тіркеп үлгеруі керек. Өйтпеген жағдайда, оған 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетілмейтін көрінеді.

Министр баяндамасында да, сұрақ-жауап кезінде де елдегі интернет инфрақұрылымын дамыту барысын баса айтты. Оның сөзінше, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, бүгінде жылдамдығы жоғары интернетті 13 миллион тұрғын пайдаланады. Тарқатып айтқанда, тұрғын саны 10 мыңнан басталатын елдімекендер 3G, ал 50 мыңнан жоғары тұрғыны бар елдімекендер 4G байланыс стандартымен қамтылған. Ал былтыр еліміздегі барлық аудан орталығы байланыстың 4-буынымен қамтамасыз етіліпті. Министрліктің ендігі міндеті – ауылдық жерлерге кең жолақты интернет жеткізу. Мұны мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланған.

– Ол үшін жоба аясында 2021 жылға дейін 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1 мың 249 елдімекенді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтимыз. Жылдамдығы жоғары интернет ауыл шаруашылығын цифрландыру, білім беру мен медицина саласының сапасын арттыру, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту сынды ауылдағы кешенді мәселелерді шешетін болады, – деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Жайнамазды тепкен жаттықтырушының жат қылығы Мырзахметовтың мазасын қашырды
    16/08 10:30 0 0
    2
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    16/08 10:27 0 7
    3
    Ерке салған "Қайда?" әнінің тарихын білесіздер ме?
    16/08 10:07 0 23
    Өз әкесі таспен ұрып жазым ете жаздаған бала аяққа тұрды
    16/08 00:23 0 252
    Таразда жайнамазды тепкен бапкерді шәкірттерінің өздері әдейі арандатыпты
    15/08 22:14 0 261

    Таныстырылғандар

    Қош бол, биші қазақ!
    Қош бол, биші қазақ!
    Қош бол, биші қазақ!
    ДЕНИС ТЕН (13.06.1993 – 19.07.2018)
    19/07/2018 22:50 0 2244
    Жапондар: Денис Теннің өлімі... Өте өкінішті!
    Жапондар: Денис Теннің өлімі... Өте өкінішті!
    Жапондар: Денис Теннің өлімі... Өте өкінішті!
    Өте өкінішті. Осындай қиын сәтте мен жан-дүниеммен сіздермен біргемін, қайғыларыңызға ортақпын.
    20/07/2018 12:47 0 1818
    Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
    Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
    Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
    Сарапшылар бұрынғы оппозиционерлер шетелдегі өмірдің ауырлығынан, амалсыз отанына оралды дейді.
    23/07/2018 10:25 0 716
    Сайрагүл Сауытбайдың соты 1 тамызға шегерілді
    Сайрагүл Сауытбайдың соты 1 тамызға шегерілді
    Сайрагүл Сауытбайдың соты 1 тамызға шегерілді
    Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан соттың кейінге шегерілуінен күдіктенудің қажеті жоқ дейді.
    23/07/2018 19:50 0 1999
    Қиясовтың шешесі: «Балам Денис Теннің өліміне кінәлі емес»
    Қиясовтың шешесі: «Балам Денис Теннің өліміне кінәлі емес»
    Қиясовтың шешесі: «Балам Денис Теннің өліміне кінәлі емес»
    Денис Теннің ата-анасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Арты қайырлы болсын!
    23/07/2018 17:56 0 2798
    Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
    Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
    Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
    Тек мықты, дәулетті шенділерде ғана жеке оққағар бар
    25/07/2018 00:13 0 1034
    «I`m a singer Kazakhstan»: Қызықтың көкесі алда!
    «I`m a singer Kazakhstan»: Қызықтың көкесі алда!
    «I`m a singer Kazakhstan»: Қызықтың көкесі алда!
    Алда жаңа кезең – жеңіске үміткер үздіктерді таңдау кезеңі!
    26/07/2018 13:10 0 972
    Алматыда серуенге арналған жаяу жүргінші айналмасы пайда болады
    Алматыда серуенге арналған жаяу жүргінші айналмасы пайда болады
    Алматыда серуенге арналған жаяу жүргінші айналмасы пайда болады
    2019 жылы Төле би көшесінің бір бөлігінде жаяу жүргінші аумағы пайда болады
    26/07/2018 17:49 0 633
    2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
    2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
    2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
    Құжатты «250-ші форма» деп атайды.
    30/07/2018 17:55 0 584
    "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
    "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
    "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
    2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
    31/07/2018 16:43 0 631
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Прокурор Аян Ақбердиев соттан бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алуды сұрады.
    03/08/2018 12:59 0 1789
    «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы екінші жыл көрерменге жол тартады
    «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы екінші жыл көрерменге жол тартады
    «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы екінші жыл көрерменге жол тартады
    "Мен қазақпын" мегажобасы қыркүйектен ұлттық арна эфирінде.
    10/08/2018 13:43 0 640
    Француз азаматшасы асырап алған қазақ бала Шымкентке келді (видео)
    Француз азаматшасы асырап алған қазақ бала Шымкентке келді (видео)
    Француз азаматшасы асырап алған қазақ бала Шымкентке келді (видео)
    Шоқанның анасының айтуынша, Францияда асыранды қазақ балалар көп.
    11/08/2018 10:30 0 675
    Даниал Ахметов Өскемен әкімін жұмыстан қуды
    Даниал Ахметов Өскемен әкімін жұмыстан қуды
    Даниал Ахметов Өскемен әкімін жұмыстан қуды
    Өскемен қаласына жақын арада жаңа басшы тағайындалады.
    13/08/2018 15:22 0 306
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    Заң былтыр 10 қазанда дайындалған.
    16/08/2018 10:27 0 9