• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:22:21
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018 Фото-баян

Челси Вернер – сәнбике және спортшы. Ол өзге әріптестеріне ұқсамайды. Челси Даун синдромымен дүниеге келген. Бұл диагноз адамның мүмкіндігін шектейді.

Дәрігерлер Вернер отбасын Челсидің денсаулығында кінәрат болатынын ескерткен. Бұл диагноз өмірде жетістікке жетуге кедергі болатынын айтқан.

Алайда Челси Даунмен туған балаларға қатысты барлық түсініктің күл талқанын шығарды. Челси зор жетістікке жетті және онымен тоқтап қалмақ емес.

Челси Варнер

Челси Вернер бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін дәлелдеді. Өзгелерге демеу беріп, Даунмен дүниеге келсең де армандарыңды жүзеге асыруға болатынын көрсету үшін өз оқиғасымен бөлісті.

Челси – гимнастикадан ұлттық арнайы Олимпиада чемпионаты мен екі мәрте әлем чемпионатында жеңіске жетті. Жеңістің тәтті дәмін сезу үшін талмай еңбек етуге тура келді. Челси бір элементті нақышына келтіріп орындау үшін бірнеше жыл тоқтаусыз дайындалды. Оның жылдап үйренгенін денсаулығында кінәраті жоқ  гимнасшылар бірнеше айда игеріп алатын.

Челси Варнер

Мектептегі спорт топтары оны қатарларына қосқысы келмеді. Себебі Челсидің физикалық мүмкіндіктері жоғары нәтижеге жетуге кедергі болады деп ойлады. Осыған қарамастан Челси арманынан бас тартпады. Арман шынайы өмірде көрініс тауып, мақсатқа қол жеткізу үшін табандылық қажет деп бекер айтылмаса керек. Өзіне деген сенімін жоғалтпаған Челси жақсы жаттықтырушы тапты. Дейн Помбо қызды мықты гимнасшы қылу үшін қолынан келгенін аяп қалмады.

Челси Варнер

Челси тәжірибелі спортшылармен бәсекелес болады деп ешкім ойламады. Ол Помбоның басшылығымен алғашқы алтынды жеңіп алды. Қажырлы еңбек пен талмас қанат ескерусіз қалмады!

- Даун синдромымен дүниеге келген баласы бар ата-аналар менің өмірім оларға үміт сыйлағанын айтқанда қуанамын, дейді Челси.

Челси Варнер

Қайсар қыздың келесі арманы сәнбике болу еді. Алайда оның диагнозы адамдардың оған күмәнмен қарауына түрткі болды. Көбі Челсиге Даун синдромы барларға сән әлемі мәңгілікке жабық екенін түсіндіруге тырысты.

Бірақ Челси арманын орындаудың жолын тапты. Ол Нью-Йорктегі "We Speak" агенттігімен жұмыс істей бастады. Әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған «Body positive» компаниясының түсірілімдеріне қатысты.

Челси Варнер

Челси Вернер – жігерлі адамның үлгісін көрсете білді. Диагнозы мақсатқа жетуге кедергі келтіруіне жол бермеді. Арманынан бас тартпады.

«Барлығында қиындықтар болады. Маңыздысы оны қалай жеңілдететініңізде» дейді Челси Вернер.

Челси Варнер

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір