• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:21:43
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 Денсаулық

Дәрігерлер достары өртеп жіберген баланың жағдайы туралы айтып берді

Балалар үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген Максим Легостаевтың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді.

Дәрігерлер балалар үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген Максим Легостаевтың жағдайы туралы айтып берді.

«Алты жасар пациент 17 маусымнан бері №2 ауруханада тұрақты ем қабылдап жатыр. Баланың басы, мойны, арқасы мен иықтарын күйік шалған», - деді Жамбыл облыстың денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Ем қабылдау барысында күйік 18 пайыздан 12 пайызға дейін қайтқан. Әрі ем қабылдау процесі тегін жүріп жатыр.

Бұған дейін Максимге екі мәрте операция жасалды, күйген терісінің орнына басқа тері орналастырылды. Әлі қолдары мен арқасына бірнеше операция жасалмақ.

Айта кетейік, 17 маусымда Максим №2 аурухананың реанимация бөліміне түскен. Балалар оны ң үстіне жанармай төгіп, кейін өртеп жіберген. Оқиға ойын үстінде болды. Аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір