• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:00:27
Алматы
+35°

01 Маусым, 2017 Әлеумет

Дәрігердің сөзін естіген әке жылап жіберді. Алайда ұлы оған мынаны айтты...

Айден Колер 10 жастағы қарапайым бала болатын. Оның әкесі бұрынғы әскери қызметкер баласының жетістіктерімен мақтанатын. Айден спортпен шұғылданды. Соның...

Айден Колер 10 жастағы қарапайым бала болатын. Оның әкесі бұрынғы әскери қызметкер баласының жетістіктерімен мақтанатын. Айден спортпен шұғылданды. Соның ішінде футбол, баскетбол, күрес секциясына да қатысатын.

Бір күні Айден жаттығулардың бірінде талып қалады. Жаттықтырушысы оны ауруханаға тезірек жеткізуге тырысады. Дәрігерлер әкесіне Айденнің миы шайқалған дейді. Алайда күннен-күнге оның денсаулығы нашарлай береді. Уақыт өте келе Айден жүруден қалады, қимыл қозғалысы да сирей бастайды. Тіпті сөз саптауы да өзгереді, бала сөйлеуге де қиналады.

Аз ғана уақыт бұрын ойнап жүрген бала аяқ асты ауруға шалдығады.  Айденде бірнеше ісіктің бары анықталады. Миына орныққан обыр ағзаның барлығын құртып бара жатты. Дәрігерлер баланың шамамен бір жылы ғана қалды деген сұрапыл шындықты айтқанда әкесі қатты қапаланған.

Тағдырдың мұндай үкімін Айденнің әкесі қабылдағысы келемесе де, ұлының соңғы жылын естен кетпестей өткізге тырысады.

Сүйікті командасының жаттығуына қатысып, өзінің сүйікті спортшыларымен кездеседі.

Айденнің әкесі Билл күн сайын баласы үшін дұға еткен. Жазылып кететін шығар деген әкелік үміт ұлының күн санап азып-тозып бара жатқанын көргенде бір-ақ үзіледі.

Өмірінің соңғы сәттерінің бірінде Айден ата-анасымен қоштасқысы келіп, соңғы өтінішін айтады. Өзінің жаназасында ешкімнің қайғырмауын, қара киінбеуін, жылап-сықтамауын өтінеді.  Жаназасында ән-күй, би болып көңілді өтуін сұрайды.

Баласының соңғы демі шыққанға дейін Билл оның қасында болады. Бұл трагедия оны шын мәнінде қатты есеңгіретті. Соғыс ошағынан оралған кезде ұлы оның өмірге қайта оралуына себепкер болған, өмірінің мәні болған.  Бұл қайғыдан арылуға оған әйелі мен балалары көмектесті.

Ер адамды қынжылтқан басты нәрсе –оның дәрменсіздігі, ұлына еш көмектесе алмағандығы болды.

Айденнің ата-анасы қанша қиналғанымен ұлдарының соңғы өтінішін орындады. Айденді соңғы сапарға мотоциклистер бағанымен шығарып салды.

Ата-ана үшін баласынан айырылудан өзге қасірет жоқ дейді. Не дегенмен, әлемде емі жоқ аурулар бар. Солардың бірі-обыр. Қазіргі заманда осы дерттің емін табу қаншалықты маңызды екенін осындай оқиғалардан кейін түсінесің.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір