• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:52:14
Алматы
+35°

09 Маусым, 2017 Әлеумет

Дәрігердің босандыру кезінде жасаған оғаш қылығы әйелдің сотқа шағымдануына себеп болды

Адамдар толық дәрігерге сенім артуға дайын тұрады. Көп жағдайда олардың өз ісін жақсы білетініне  сенгіміз келеді. Лас-Вегас тұрғыны Алекс Симсте дәл...

Адамдар толық дәрігерге сенім артуға дайын тұрады. Көп жағдайда олардың өз ісін жақсы білетініне  сенгіміз келеді. Лас-Вегас тұрғыны Алекс Симсте дәл осылай дәрігерлерге сенім артқан. Алайда палатаға акушер кіріп келгенде одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Өз дәрігері еңбек демалысында болғандықтан оны Фрэнк ДеЛи есімді акушер-гинеколог  босандыратыны туралы хабарланған.

Алекс Симс дәрігерді ұялы телефонындағы камераға түсіре бастаған. Ондағы кадрлар таңқалдырады. Алекс дәрігердің жалаң аяқ, қысқа балақты шалбармен жүргенін байқап қалады.

«Мен дәрігерге эпидуральді анестезия кеткенін, босанатын уақыт таяп қалғанын сезетінімді айтқанда ол маған «Өзіңнің майлы жамбасыңмен төсекке жат» деп бұйырғанда есеңгіреп қалдым» дейді Алекс.

Алайда бұл Алекс көрген қорлықтың бастамасы ғана екен. Оның ұлы дүниеге келгенде сәбидің оң қолы зақымданғаны анықталды. Кейін ДеЛидің оқыс қимылы баланың сал болып қалуына себеп болған және жүйке жүйесіне зақым келгендіктен қолы зақымданған.

Мұны білген Алекс дәрігер мен ДеЛидің жұмыс істейтіндей жағдайда емес екенін көре тұра оған бөгет болмағаны үшін  мейірбикелердің үстінен арыз жазды. Кейінірек ДеЛидің бұған дейін де қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны анықталған. ДеЛидің үстінен 6 рет шағым түскен.  

Алекс әділдік орнатуды армандап қана қоймай, ДеЛи бұдан кейін басқаларына зақым келтіре алмайтындай оны ауруханада жұмыс істеуге тыйым салғанын қалайды.

Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір