• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:21:04
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 Оқиғалар

Дәретхана шелегінен табылған шақалақ аман-есен

27 жастағы қыз іші ауырып, емханаға жеткізілген.

Қостанай облысында 27 жастағы қыз аурухананың дәретханасында босанып қалып, шақалақты шелекке лақтырып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасмай отырып.  Оқиға Затобол ауданында болған. Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевтің айтуы бойынша, 27 жастағы қыз іші ауырып, емханаға жеткізілген. Ол аяғы ауыр екенін жасырғысы келіп, дәретханада босанған. «Затобол селосының ауруханасына түскен қыз нәрестесін дәретхананың шелегіне лақтырып кеткен. Дәрігерлер дер кезінде сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Қазір оның жағдайы бір қалыпты. Анасы өз нәрестесінен бас тартты», - деді Ю.Моисеев. Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған факт туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір