• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:32:09
+35°

10 Наурыз, 2017 Фото-баян

Дәретхана құбырынан сәби табылды

Қытайдағы Цзиньхуа аймағында өрт сөндірушілерге белгісіз әйелден хабар келіп түседі.  Белгілі болғандай көп қабатты үйдің кәріз жүйесінен сәбидің даусы...

Қытайдағы Цзиньхуа аймағында өрт сөндірушілерге белгісіз әйелден хабар келіп түседі.  Белгілі болғандай көп қабатты үйдің кәріз жүйесінен сәбидің даусы естілген. Өрт сөндірушілер кәріз құбырынан жаңадан туылған сәбиді тауып алды деп хабарлайды qamshy.kz.

Қолмен сәбиді алып шығу мүмкін болмады. Ал уақыт өте тығыз еді. Сондықтан құтқарушылар бала тұрып қалған құбырды сәбимен қосып кесіп, дереу ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер мен құтқарушылар сәбиді құбырдан бір сағат бойы босатып алуға тырысты. Нәтижесінде баланы жарақаттамай,  шығара алды.

Дәрігерлер баланың жүрегі ауыратынын және көптеген дене жарақаттарын байқаған. Уақыт өте келе сәбидің жағдайы тұрақтанды.

Полиция бірден іске кірісіп, өз баласын өлтіруге оқталған ананы тапты. Ол оқиға болған көп қабатты үйдің тұрғыны екен. Белгілі болғандай, оны жігіті тастап кеткен. Ал жасанды түсік жасатуға оның қаражаты болмаған.

Ол дүниеге шекесі торсықтай ұл алып келді. Әйелдің айтуынша ол сәбиді өлтіруді ойламаған. Сәби қолынан түсіп кеткен. Ол бірден өрт сөндірушілерге хабарласқан. Алайда, олар келгенде шошып, жасырынып қалғанын айтқан.   

Бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланды. Жергілікті журналистер оны «59-шы сәби» деп атап кеткен. Бұл оның ауруханаға түскен нөмірі. Көп уақыт өтпей-ақ балаға қажеттіні алып келіп жатқандар көп болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір