• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:38:01
Алматы
+35°

24 Қараша, 2018 Спорт

Данияр Елеусінов: Мен үшін дұға жасауларыңызды сұраймын

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) онлайн баспасөз мәслихаты кезінде...

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) онлайн баспасөз мәслихаты кезінде Монакодағы жекпе-жегінде өзіне жанкүйер болуға шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қазақстанда жекпе-жектің тікелей трансляциясы қарашаның 24-нен 25-не қараған түні көрсетіледі. 

"Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма алғыс білдірігім келеді. Жекпе-жегімді таң демей, түн демей көріп, теледидардың алдында жекпе-жекті тағатсыздана күтіп, маған қолдау білдіретін жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Маған жанкүйер болыңыздар! Мен үшін дұға жасауларыңызды сұраймын. Рақмет, сенімдеріңізді ақтауға тырысамын", - дейді Елеусінов. 

Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні "Казино де Монте-Карлодағы" бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір