• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:35:05
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2019 Спорт

Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді

Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш рет өткен жылдың сәуірінде шыққан болатын.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.Сегіз раундтық жекпе-жек соңына дейін созылды. Елеусінов қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның үшеуі – нокаутпен. Ал Ортис үшін бұл спорттық мансабындағы 24-ші жеңіліс.

Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш рет өткен жылдың сәуірінде шыққан болатын.

Ұсынған: Мақпал Сембай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір