• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:43:08
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2016 Экономика

Данияр Ақышев зейнетақы қорындағы ақшаға алаңдамауға шақырды (ВИДЕО)

Қордағы триллиондар текке кетіп жатқан жоқ! Ұлттық банк төрағасы Біріңғай зейнетақы қорындағы ақша үшін азаматтарға   еш алаңдамауға кеңес берді....

Қордағы триллиондар текке кетіп жатқан жоқ! Ұлттық банк төрағасы Біріңғай зейнетақы қорындағы ақша үшін азаматтарға   еш алаңдамауға кеңес берді. Данияр Ақышевтың айтуынша, жұрттың «қартайғанда қажет болады» деп жиған теңгелері Үкімет сенім артқан банктер мен ірі жобаларды қаржыландыруға жұмсалуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Біріңғай зейнетақы қорындағы әр тиынға мемлекет тікелей жауап береді. Бұл талап заңда да жазылған. Сондықтан, қобалжуға еш негіз жоқ.

Сондай-ақ, Бас банкир қордағы қаржының қайда бөлінгенін және одан түскен пайда туралы ақпаратты тұрақты жариялаймыз деп сендіріп отыр. Бұған дейін президент зейнетақы қорындағы триллиондарды екінші деңгейлі банктерге беріп, шағын және орта бизнесті несиелендіруді тапсырған еді. Ал қалғанын шетелден құнды қағаз сатып алуға, ауыл шаруашылығы саласына арналған өндіріс орындарын ашуға жұмсалуы тиіс болатын. Бірақ, Ақышевтың айтуынша, еліміздегі екінші деңгейлі банктер зейнетақы қорындағы қаржыға аса құмартып отырған жоқ. 15 банк небары 112 миллиард сұрапты. Есесіне, қордың 15 миллиард теңгесі «ЭКСПО» көрмесі аумағынан тұрғын үйлер мен сауда орталықтарын тұрғызуға жұмсалмақшы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір