• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:42:28
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 NEWS

Даниал Ахметов Өскемен әкімін жұмыстан қуды

Өскемен қаласына жақын арада жаңа басшы тағайындалады.

Өскемен қаласына жақын арада жаңа басшы тағайындалады. Бұл жөнінде бүгін кеңейтілген әкімдік мәжілісінде облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Сіздердің алдарыңызда ашық айтқым келген тағы бір жайт, ол биылғы сәуірде Риддер қаласында шенеуніктердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты мәселе. Бұл оқиға осы уақытқа дейін қоғамда жиі талқыланып, БАҚ-та жеткілікті жазылды. Оқиғаға кінәлі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев тиісті жазасын алып, сотталды. Сонымен қатар, Риддер қалалық ішкі істер басқармасының бірқатар басшылық қызметтегі және қатардағы полицейлері де қызметтерімен қош айтысты. Оқиғаға қатысы бар шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралды. Сондықтан осының бәрін таразылай келе, мен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа осындай жағдайдан кейін жоғары басшылық қызметте қала алмайтындығын, оған моральдық құқығы жоқтығын, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуы керектігін айттым. Сондықтан, алдағы уақытта облыс орталығы – Өскемен қаласында жаңа әкім тағайындалатын болады, – деді Даниал Ахметов.

Еске салсақ, Риддерде 19 жастағы Евгений Смольниковты көлікпен қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманғалиевтің қасында Қуат Тұмабаев отырған. Ол куәгер болса да, халық алдында оқиғадан кейін абыройы төмендеп, оған қатысты сын айтушылар көбейіп кеткен болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір