25Қыркүйек

Даниал Ахметов: «Аягөзде зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетіледі»

Даниал Ахметов: «Аягөзде зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетіледі»
Ⓒqamshy.kz

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Аягөз қаласына арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Аудан орталығында болған апат салдарын саралап, күллі қазақстандықтарды толғандырған мәселеге нүкте қойды. Аймақ басшысы қызыл судан зардап шеккен аягөздіктердің ешбірі биліктің назарынан тыс қалмайтынын, барлығына тиісті деңгейде көмек көрсетілетінін жеткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ШҚО

Осыдан 2 күн бұрын кіші Аягөз өзені арнасынан он есе асып, нәтижесінде аудан орталығындағы үш шағын көпірді қиратып, 148 үй су астында қалған еді. Ауданда табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, зардап шеккен үйлердің тұрғындары дереу қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазіргі таңда олар арнайы мекемелерге орналастырылып, ыстық тамақ және төсек-орынмен толық қамтамасыз етілген.

ШҚО

Айта кету керек, суда қалған 148 үйдің бүгінде 8-і құлаған. 10 үй апатты жағдайда тұр. Алайда ШҚО әкімі бұл сан алдағы күндері еселенуі ықтимал, сондықтан соңғы көрсеткіш емес дейді. Қызыл судың өтінде қалған әр үйді өзі аралап шыққан Даниал Ахметовке тұрғындар арыз-шағымдарын барынша жеткізді. Мәселен, қирап қалған үйлердің ішінде Желтоқсан көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан Ильмира Қайымбаеваның баспанасы бар. Кішкентайына аяғы ауыр отанасы «қабырғасы сөгіліп, іргесі қираған шаңырағымды кім қалпына келтіріп береді?» деген сауалын қойды Даниал Ахметовке. Облыс әкіміне дәл осы сипатта жолданған жалғыз сұрақ болмады бұл. Өз кезегінде ондаған аягөздіктің қабырғасын қайыстырған, қала берді күллі Қазақстан халқын толғандырған мәселеге ШҚО әкімі былай деп нүктесін қойды.

ШҚО

- Бірде-бір Аягөздің тұрғыны назардан тыс қалмайды. Баспанасы жарамсыз қалған отбасыларына осы қаладан үй сатып алып береміз. Қазіргі таңда Аягөзде 15 үй сатылады деген ақпарат берді маған. Солардың бәрін сатып аламыз. Одан кейін орталықта 60 пәтерлі жаңа үй бой көтеріп жатыр. Сол жерден пәтер береміз. Ешкім баспанасыз қалмайды.

Облыс әкімі мәлім еткен ресми жауапқа ризашылығын білдірген тұрғындар көз жастарын жасыра алмады.

- Үй береміз деп уәде берді. Алла бұйырса алдағы таңда баспаналы боламыз. Мамырда балам дүниеге келеді. Даниал Ахметовке зор алғыс білдіремін. Бәріне рахметімді айтамын. Келіп, көріп, жағдайымызды сұрап жатыр. Қуаныштан жылап тұрмын, - дейді Ильмира Қайымбаева.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов сондай-ақ, ертең Аягөзге облыстық «Парыз» қорынан 50 миллион теңге жолданатынын жеткізді. Аталған қаражат күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді, атап айтқанда көмір, азық-түлік, киім-кешек сияқты тұрмыстық жағдайды шешуге жұмсалады.   

Апат салдарын есептеуге құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда. Бүгінде өзен деңгейі біршама төмендеген. Жергілікті билік көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Ал қалада құрылған еріктілер қызыл су шайып өткен аумақтарды тазалау жұмысын жүргізуде.

Бұдан бөлек Даниал Ахметов Үржар, Күршім, Жарма сияқты жоғары қауіп төнген аудандар аумағындағы жағдайдың жіті назарға алынғанын, арнайы тікұшақпен бақылау басталғанын айтты.

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
    24/09 17:28 0 1912
    2
    "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
    24/09 15:51 0 1536
    3
    Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
    24/09 15:12 0 4501
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    24/09 14:49 0 700
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    24/09 14:40 0 1054

    Таныстырылғандар

    28-30 тамызға арналған ауа райы болжамы
    28-30 тамызға арналған ауа райы болжамы
    28-30 тамызға арналған ауа райы болжамы
    Елдің солтүстік және орталық облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 2-3°С төмен болады.
    28/08/2018 11:53 0 1423
    Елбасы Сауат Мыңбаевқа тапсырма берді
    Елбасы Сауат Мыңбаевқа тапсырма берді
    Елбасы Сауат Мыңбаевқа тапсырма берді
    Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады.
    28/08/2018 16:10 25 1680
    Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды
    Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды
    Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды
    Жаңа мешіт қаланың айшықты орнына айналды.
    28/08/2018 17:51 0 1506
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмнің даму тарихына тоқталды.
    29/08/2018 17:35 0 719
    Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
    Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
    Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
    Өткізілген семинар арқасында Қазақстанның пошта саласындағы жетістіктері мен қолданылып отырған технологиялары шетелдік сарапшылардың көңілдерінен шықты.
    30/08/2018 09:26 0 964
    Жамбылда 12 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
    Жамбылда 12 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
    Жамбылда 12 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
    Бойы - 150-155 см, арық, қара торы қыз.
    30/08/2018 17:14 0 1468
    "Алтын белгі" иегері өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
    "Алтын белгі" иегері өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
    "Алтын белгі" иегері өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
    Ақтөбеде №19 мектептің бітіруші түлегін өлтірді деген «Алтын Белгі» иегеріне қатысты сот отырысы өтті.
    03/09/2018 10:57 0 3422
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Ақпaрат жәнe кoммyникациялaр министрi Дәyрeн Абаeв eлдегi цифрлaндырy бaғдaрламасының қaлай iскe aсыpылып жaтқaнын баяндады
    06/09/2018 17:29 3 969
    Талдықорғанда күзгі мерзімді әскерге  шақыру мәселелері талқыланды
    Талдықорғанда күзгі мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды
    Талдықорғанда күзгі мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды
    Алматы облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды
    06/09/2018 18:19 0 984
    БҚО-дағы полицейдің өз бастығын не үшін өлтіргені белгілі болды
    БҚО-дағы полицейдің өз бастығын не үшін өлтіргені белгілі болды
    БҚО-дағы полицейдің өз бастығын не үшін өлтіргені белгілі болды
    Кеше БҚО-да полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді.
    07/09/2018 12:39 0 7357
    Ақмолада әкесі өз ұлын көлікпен басып өлтірген
    Ақмолада әкесі өз ұлын көлікпен басып өлтірген
    Ақмолада әкесі өз ұлын көлікпен басып өлтірген
    Ақмола облысында көлік басып кеткен сәби ауруханада көз жұмды.
    08/09/2018 11:40 1 1170
    Алматыдағы «KITAP FEST 2018» іс-шарасы қалай өтті?
    Алматыдағы «KITAP FEST 2018» іс-шарасы қалай өтті?
    Алматыдағы «KITAP FEST 2018» іс-шарасы қалай өтті?
    Көпшіліктің назарына I BOOK YOU ұйымдастырған  Кітап алмасу түсті. Кітап алмасу арқылы олар  өзерінің кітап тізімін  жаңарта алды.
    10/09/2018 15:10 0 678
    Мәулен Әшімбаев БҚО-да Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүргізілген жұмыстарды саралады
    Мәулен Әшімбаев БҚО-да Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүргізілген жұмыстарды саралады
    Мәулен Әшімбаев БҚО-да Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүргізілген жұмыстарды саралады
    Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
    06/09/2018 09:39 0 1724
    Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында жиын өтуде
    Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында жиын өтуде
    Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында жиын өтуде
    ерілген жиынға Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 300 запастағы офицерлер қатысуда
    18/09/2018 15:44 0 691
    Қоқыста жатқан Абай мүсінін қала әкімдігі сатып алды
    Қоқыста жатқан Абай мүсінін қала әкімдігі сатып алды
    Қоқыста жатқан Абай мүсінін қала әкімдігі сатып алды
    Қалалық əкімдік өкілдері бұл мəселенің де пысықталып жатқандығын айтты.
    21/09/2018 13:57 0 1248