• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:39:04
Алматы
+35°

24 Қараша, 2018

Данэлия Тулешова өз жанкүйерлеріне үндеу жариялады (видео)

Онлайн-дауыс беру басталардың алдында ол бүкіл әлемдегі тыңдармандарына үндеу жасап, өзі орындайтын "Өзіңе сен" композициясына дауыс беруді өтінді.

Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайтын әнші Данэлия Төлешова Instagram парақшасында орыс және ағылшын тілінде тыңдармандарына үндеу жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-дауыс беру басталардың алдында ол бүкіл әлемдегі тыңдармандарына өзі орындайтын "Өзіңе сен" композициясына дауыс беруді өтінді. 

Дауыс беру Астана уақыты бойынша 24 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де ашылды және 25 қарашаға дейін жалғасады. 25 қарашада барлық қатысушы өнер көрсетіп болғаннан кейін дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.

"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауының гранд-финалы Минскіде 25 қарашада өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады, оны "Хабар" телеарнасы көрсететін болады.

12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шығады, оның алдында шығатындар - Украина мен Португалия әншілері. Ол "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Голосование начнется 23.11 и закончится 25.11 перед началом шоу Начало голосования в 22:00 по Минскому времени (в ночь с 23 на 24 ноября 01:00 по времени Астаны) 1. Заходите на сайт junioreurovision.tv ‼️ссылка в шапке‼️ ⠀ 2. Голосуйте за меня и еще 2-4 участников, которые вам понравились. ⠀ 3. После последнего выступления голосование вновь откроется на 15 мин и вы снова можете проголосовать за меня? Спасибо огромное за Ваши голоса ??????❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️ @khabartv @junioreurovisionofficial #junioreurovision2018 #ózińesen #jesc #junioreurovision

Публикация от ?Daneliya? (@tuleshova_daneliya)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір