• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:32:21
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2018 NEWS

«Даму» индустриалды-логистикалық орталығында семинар-брифинг болып өтті

2018 жыл Шілде айының 24-де «Даму» индустриалды-логистикалық орталығымен ҚР Салық басқармасының өкілдері өзара байланыс туралы мемарандумға қол қойған болатын

2018 жыл Шілде айының 24-де «Даму» индустриалды-логистикалық орталығымен ҚР Салық басқармасының өкілдері өзара байланыс туралы мемарандумға қол қойған болатын.

Мемарандумның мақсаты салық басқармасының өкілдері «Даму» индустриалды-логистикалық орталығының әріптестері мен жұмысшыларына кез-келген салыққа байланысты құқықтық сұрақтарына жауап беру болып табылады. Осы мақсатта олар өздерінің орталық бөлімшелерін ашуға келісті.

Елбасымыз Н.Назарбаев, жолдауында «Біз әрқашан шағын және орта бизнес өкілдерін дамытуымыз керек. Олардың өсіп-өркендеуіне, экономикамызға қосатын үлесін естен шығармай, қолдау көрсетуіміз қажет» деген болатын. Міне осы орайда «Даму» индустриалды-логистикалық орталығы Елбасының жолдауын толықтай қолдап отыр. 

«Даму» индустриалды-логистикалық компаниясы елімізде 10 жылдан астам тасымалдау, сақтау саласында үздіктердің үздігі атанып келеді. Компанияның негізгі мақсаты әріптестеріне барынша  сақтау, тасымалдау, саласында сапалы жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу. Осы жұмыстар өз нәтижесін беріп, жыл сайын әріптестердің саны да артуда.

Әр кәсіпітің салықтық қиындықтары болады. Салық басқармасы өкілдерінің міндеті әріптестерімізге және жұмысшыларға кез-келген уақытта салық саласында ауқымды ақпараттар беріп, құжаматтаманың барлығын бір жерде толтыруға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл - уақыт үнемділігі.

Аталған жұмыстардың нәтижесін көрсету мақсатында бүгін  «Даму» индустриалды-логистикалық орталығында ҚР Салық кеңесшілері палатасы өкілдігінің ашылуы болып өтті.

«Бүгін Қазақстан салық төлеушілер Кеңесшілер қоғамдық бірлестігі өкілдігінің ашылуына қатысты шаралар өтіп жатыр. Бүгінгі шараға Қоғамдықтың басшылар арнайы келіп қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. Аталмыш шарада Индустриялды логистикалық орталықтың компанияларына және осы жерде орналасқан резиденттерге қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Мамандар өз ойларымен бөлісіп, көптеген мәселелерді жан-жақты түсіндіріп берді», - дейді Индустриалды логистикалық ДАМУ орталығының бухгалтерия қызметкері Еркін Жұбанышов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір