• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:24:13
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2017 Әлеумет

Далай Лама терроризмді тоқтатудың жалғыз жолын атады

Тибет буддистерінің діни басшысы терроризмді күшпен жеңу мүмкін еместігін айтты, оның ойынша...

Бүгінде бүкіл әлемге ортақ мәселелердің бірі – терроризм. Терроризммен күрес жолында қаншама мемлекет күш біріктірді, қарсы әрекеттер жасап бақты. Алайда Тибет буддистерінің діни басшысы терроризмді күшпен жеңу мүмкін еместігін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Далай Лама XIV әлемде кеңінен таралған әрі үлкен мәселеге айналған терроризмді шешудің жалғыз әдісі – диалог екенін айтты.

«Әскери күш бәрін қырып-жоя алады, алайда ақыл, жүрек, сананы өзгертуге оның күші жетпейді», – деп келтірді "Коммерсант" басылымы буддизмнің рухани басшысының сөзін.

Далай Ламаның айтуынша, бір адамның өлімі, оның туыстары мен жақындырының жанын жаралайды, сол себепті олар кек алуды көздейді.

Мысал ретінде буддистердің діни басшысы «Мұсылман елдерінің миллиондаған тұрғындарын бір-біріне айдап салып отырған» АҚШ-тың Ирактағы әрекетін келтірді.

«Бұл оңашаланған ортаны тек диалогтың көмегімен тоқтатуға болады», – деді Далай Лама.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір