• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:40:49
Алматы
+35°

26 Шілде, 2018 Саясат

Д. Трамп+В.Путин және прокурор Р. Мюллер араларында не тұр?..

Трамптың Путин десе емешегінің үзіліп тұрғаны турасында бұдан бұрын жаздық та.

Трамп пен Путинннің Хелсинкидегі кездесуінің ізі суымай жатып, дүние жүзінің ақпарат құралдары – бұл екі прези дентті қандай құдірет байланыстырып тұрғаны жөнінде жарыса жазғаны белгілі.

https://censor.net.ua/n3078368 (25.07.18 23:09) сайтында: «АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің осы күзде өтуге тиіс Ақ Үйдегі басқосуы төтенше іспен айналысып жатқан АҚШ прокуроры Роберт Мюллердің 2016 жылғы АҚШ президенттігіне сайлау науқаны тұсында Трамп штабы өкілдері Ресеймен екі жақты уағдаластық болғаны ашылатынына байланысты белгісіз уақытқа шегерілді»-деп хабарлайды.

Біздің қазақ мұндай жағдайды: «жел соқпаса – шөптің басы қозғалмайды»- деп баяғы да-ақ айтып қойғаны белгілі.

Трамптың Путин десе емешегінің үзіліп тұрғаны турасында бұдан бұрын жаздық та.

Бәрімізді амалсыз ойға жетелейтін нәрсе АҚШ президенті Трамптың Ресей президенті Путинмен қайта-қайта кездесе бергісі келетінің сыры неде екені тағы да белгісіз.  Ресей президенті Путин Трампен кездесуге құлшынып тұрмаған сияқты. Ал, Трамп болса Путинмен тағы да кездесуге ерекше құштар екенін ешкімнен де жасырмайды.

Әйтеуір АҚШ президенті мен Ресей президенті турасындағы бұл әңгіменің әйтеуір тегін емес екені тағы да айдай ақиқат сияқты. Ал, бұл қызық әңгіменің әлі қаншаға созылатыны да белгісіз...

 Жұмаш Көкбөрі

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір