• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:21:54
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2017 Әлеумет

Челахтың түрмедегі өмірі туралы анасы айтып берді

Қостанай облысындағы түзету мекемелерінің ішінде Жітіқарадағы УК-161/3 орны айрықша. Халыққа «Қара бүркіт» деп танылып кеткен бұл мекемеде жазаның...

Қостанай облысындағы түзету мекемелерінің ішінде Жітіқарадағы УК-161/3 орны айрықша. Халыққа «Қара бүркіт» деп танылып кеткен бұл мекемеде жазаның ең ауыр түрлері қолданылады. Бұрындары бұл лагерьде нағыз бүркітті ұстаған көрінеді. Бірақ ауыр атмосфермаға шыдай алмаған құс атаулы ұшып кеткен. Лагерьде қайтыс болған қылмыскерлер құпия жерленетін бұл мекен қараңғы түнекпен тең.

«Қара бүркіт» лагерінде Владислав Челах, Рүстем Ибрагимов және алматылық атқыш Күлекбаев жазаларын өтеуде. Бұдан бұрын лагерь қабырғасында кісі етін жейтін Сергей Копай да жазасын өтеген екен, деп жазады «Қамшы» порталы.

 Өмірлік жазаға тартылғандардың түрмедегі өмірі қандай, олардың отбасы мүшелерінің сезімі жайында Караван газетінің тілшілері қылымскерлердің таныстары мен жақындарынан біліп қайтты.

Челах өз махаббатымен қайта қауышуды аңсайды

Челахтың отбасы бүгінгі таңда Калининградта өмір сүреді, атасы Қазақстанда қалған.

Жақындарының айтуынша, Челах 2012 жыл «Арқанкерген» әскери аймағында болған жағдайды әлі күнге дейін құпия ұстайтын көрінеді. 14 әскердің жанын қиды деген айыппен Челах өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Қайтыс болған әскерлердің отбасына 5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс еді, бірақ жігіт төлеуден бас тартып отыр.  Ұлынан апта сайын хат алып тұратын Светлана апай ақыры болған жағдайды біле алмады. Бірақ, ана жүрегі баласының кінәсіз екеніне сенімді. Хатында Челах өзін уайымдамауын және міндетті түрде босап шығатынын жазады.

Владислав алғашында камерада жалғыз болған, кейінірек оны басқа тұтқындардың жанына «Қара бүркіт» лагеріне ауыстырған. Сол сәтте-ақ Владислав хат жазуды бастаған.

«Менің жағдайым жақсы, денсаулығым тәуір. Тірімін. Тек жалықтым, ештеңемен айналысқым келмейді. Бір нүктеге қарап отырып қалатын кездерім көп болады. Жаңа жылды да тойламадым. Сағат түнгі 10-да ұйықтап, таңғы 6-да ояндым. Бала кезімде қуанып тойлайтын мейрамның бұл жолы жай күндегіден айырмашылығы болмады.

Осы жақында ғана йогамен айналысуды бастадым.  Денемді созу, тыныс мүшемді қалыптастыру сынды жаттығуларды жасап тұрамын. Ағзамды, жұйкемді ретке келтіруім керек қой. Құр отыра бергеннен ештеңе өзгермейді. Жас қалпымды сақтап қалуым керек.

Саған да йогамен айналысуға кеңес беремін, анашым. Ол денсаулыққа пайдалы.

Сіздермен жиі кездесіп тұру үшін тәртіп бұзбауға тырысып жүрмін».

Жаңа лагерьге ауысқалы ұлымен кездесуі қиындап кеткен екен, жылына төрт рет қана көрісуге рұқсат береді.

Әскерге барар алдында анасы Челахтың сүйікті қызы болғанын да айтып қалды. Алайда, қыз жігітті күткісі келмей, тұрмысқа шығып кетті. Владислав болса, махаббатын әлі де аңсайды, сағынады, кездесетін күндерін күтеді.

Өз қарындасына жазған хатында Влад сүйіктісі Янаны тіпті  балалы күймен қабылдауға дайын екенін айтты.

Ана баласының ақталып, бір күні босап шығатынына сенімді.

Түрме ішінде кісенмен жүретін қылмыскер

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Рүстем Ибрагимов та Челахпен бір лагерьде жазаларын өтеп жүр. Алайда, бір-бірімен әлі де жолықпаған. Қылмыскерлер таза ауамен тыныстау үшін жарты сағат уақытын серуендеумен өткізеді, сол кездің өзінде екі сотталушы кездеспеген.

Серуендеу барысында Рүстемге кісен тағып, айналасындағы адамдарды көрмесін деген мақсатпен бір көзін жауып тұратын қара баскиім кигізеді, басқа қылмыскерлермен сөйлесуге қатаң тыйым салады. Тіпті, серуендеу кезінде де.

Кісі етін жейтін қылмыскердің өлімі

Осы уақытқа дейін «Қара бүркіт» лагерінде белгілі адам жегіш Сергей Копай жазасын өтеп жүрді. Ол алдымен алматылық жезөкшелерді өлтіріп, содан соң етін жеп күн кешкен. Сотта 7 әйелдің өмірін қиып, етінен фарш жасап, пельмен түйген видео-жазбалары көрсетілген. Алматы қалалық соты «адам жегіштерді» өлім жазасына кесу жайында үкім шығарды.

Тергеуші Владислав Бекшаевтің айтуынша, оны қылмыскерлердің өзі-ақ өлтірмекші болған. Алайда, араққа құныққан Копай ауыр науқастан көз жұмады. Денесі құпия мекенге жерленген, мәйітінде өлген күні жазылған тақта ғана болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір