• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:04:18
Алматы
+35°

18 Қыркүйек, 2018 NEWS

Билік Жәкішевке анасын соңғы сапарға шығарып салуға да рұқсат бермеді

Анасының артынан бір уыс топырақ сала алмаудан, соңғы сапарға шығара алмаудан ауыр жаза бар ма?

Түрмеде отырған "Қазатомфром" компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішев анасының артынан бір уыс топырақ та сала алмайтын болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгін таңертең анасы қайтыс болуына байланысты "Анасынан айырылған Мұхтар Жәкішевке билік бір уыс топырақ салуға рұқсат ете ме?" деген тақырыпта мақала жариялап, биліктің жанашырлығынан үміт күткен едік. Алайда үкілеген үмітіміз ақталмады. 

"Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасеновтің хабарлауынша, Семей түрмесінің басшылығы Жәкішевке анасының қайтыс болғаны жайлы хабарды жеткізген. Колония бастығы көңіл айтқан. Мұхтар Жәкішев қыркүйектің 19-ы күні болатын анасының жерлеу рәсіміне баруға рұқсат сұрап, өтініш жазған. Бірақ өтініші қанағаттандырылмаған. Оның себебін Қылмыстық-атқару кодексінің "Мекеменің шегінен тыс жерге шығу" туралы 113-бабының 5-тармағымен түсіндіреді. Онда "қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстармен сотталғандарға сыртқа шығуға рұқсат етілмейді" деп жазылған отандық БАҚ-та жарияланған хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір