• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:22:45
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2018 NEWS

Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген

2018 жылдың бірінші тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацисының Жамбыл облыстық филиалында...

2018 жылдың бірінші тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацисының Жамбыл облыстық филиалында 900 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 450 мыңы электрондық форматта орындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацисының Жамбыл облыстық филиалының директоры Данияр Медетбековтың айтуынша, Жамбылдағы филиал алғашқы жартыжылдықтың ішінде 900 мың мемлекеттік қызметті көрсетіп үлгерді, ондағы 450 мың қызмет электрондық форматта орындалды. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 35 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, ол өңірдегі мемлекеттік корпорация кеңселерінде өз-өзіне қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейтінін айтты.

«Әрбір фронт-кеңселерде «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс жасайды. Мемкорпорация мамандары түсіндіру жұмыстарын өткізіп, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алудың амалдарын көрсетеді. Олар жылдың басынан бері өңірдің 480 мекемесі мен ұйымына барып, 87 мың адамға қызмет көрсеткен. Осындай 19 сектор жұмыс жасайды. Жарты жылдың ішінде жамбылдықтарға 330 мың қызмет көрсетілген», - деді Д. Медетбеков.

Оның айтуынша, бұдан былай жаңа туған сәбилерді тіркеу үшін өтініш автоматты түрде жазылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп баланың дүниеге келуіне қатысты қызмет көрсету бойынша сынамалы жобаны ұсынды. Енді дүниеге келген сәбилерді тіркеу үшін өтініш автоматты түрде түсетін болады. Барлық мағлұматтар әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түсетін болады. Мәліметтер жетпей жатқан жағдайда қызмет алушы адамнан СМС-хабарлама арқылы сұратылады», - деді ол.

Тағы да айта кетерлігі, жақында eGov.kz порталында «Анықтамасыз қызметтер» бөлімі өз жұмысына кіріскен болатын.

«Енді азаматтарға мемлекеттік органдарға мекенжай мен жылжымайтын мүлікке құқығы жөнінде тіркелген анықтама әкелудің қажеті жоқ. Мемлекеттік органдар қажет мағлұматтарды электрондық үкімет порталы арқылы сұрататын болады. Сондай-ақ, мекенжай бойынша онлайн-тіркеу тәртібі өзгерді. Енді тіркелу үшін небәрі 20 минут қажет», - деп түйіндеді директор.

Айта кетейік, «Электрондық үкімет» – бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру болып табылады. «Электрондық үкіметті» құру идеясын ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір