• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:52:42
Алматы
+35°

12 Шілде, 2017 NEWS

Биыл тегін білім алу гранттарының саны өсті

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті, деп хабарлайды

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға - 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға - 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», - деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шілде айының екінші жартысында жарияланады.

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына басымдық беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір