• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:15:37
Алматы
+35°

11 Шілде, 2018 Саясат

Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер (фото)

Кеше Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен өткен алқа отырысынан кейін жақсы жаңалықты естіп қуанып қалдық.

Кеше Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен өткен алқа отырысынан кейін жақсы жаңалықты естіп қуанып қалдық. Қазақстандағы Елбасының жарлығымен 5000-ға жуық адам түрмеден босатылуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Естеріңізге сала кетсек осыған дейін Qamshy.kz ақпарат агенттігі тар қапаста күн кешкен қоғам белсенділері туралы бірнеше рет жазған болатын. Кезінде билік орысқа тәуелді болып талай қазақ зиялысы тар қапасқа қамалса, қазіргі билік «демократиялық елміз», - деп мақтана отыра, өз ойын ашық білдірген, ұлттық мүдде үшін күрескен азаматтарды түрмеден бір-ақ шығарды.  Биыл бірнеше белсенді азаматтар түрмеден босап, отбасымен қауышты. Олардың тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі санамалап, оқырман назарына ұсынады.

Талғат Аян

Талғат Аян

2016 жылы 28 қарашада Атырау қаласында жер үшін митингіге шыққан Талғат Аянды 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде “алауыздық тудыру”, “заңсыз митинг ұйымдастыру”) бойынша айыптары тағылған. Алайда азаматтық белсенді бұл айыптардың ешқайсысын мойындамады. Араға 2 жыл салып, биыл Талғат Аян шартты түрде еркіндікке шықты. 28 сәуірде Ақтөбе қаласындағы түрмеден босап шыққан Талғат Аянды отбасы, туыстарымен қатар белсенділер де «Талғат – батырымыз!», - деп қарсы алған болатын.

Саят Ыбырай

Саят Ыбырай

2011 жылы қазан айында механика мен машина жасау саласында халықаралық 5 патенттің иегері, 3 ғылыми монография мен 60-тан астам ғылыми зерттеулердің авторы Саят Ыбырай 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Биыл 11 сәуір күні Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сейітқазы Матаев

Сейітқазы Матаев

2017 жылы Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев «қаржылық қылмысқа қатысы бар» деген айыппен түрмеге тоғытылған болатын. Араға бір жыл салып 2018 жылы қарашада сот Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім шығарды.

Халық әлі де қазақ үшін еңбек еткен қоғам белсенділерінің алдағы уақытта биліктің «мейіріміне» бөленіп, азаттыққа шығатынына сеніп, үміт үзбейді. Елбасының Жарлығымен 5000 адам бостандыққа шығады деген ақпардан кейін Арон Атабектің, Макс Боқаевтың, Мұхтар Жәкішевтің сол «бақыттылардың» қатарынан көреміз деген үмітіміз жоқ емес. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тәуелсіз елдің түрмесінде отырған қоғам белсенділерінің тізімін тағы да оқырман назарына ұсынады.  

Арон Атабек

Арон Атабек

12 жылын түрмеде өткізген тіркелмеген «Алаш» ұлттық тәуелсіз партиясының төрағасы Арон Атабек әлі күнге дейін тар қапаста өмірін өткізумен, әділдікті күтумен келеді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып екі жыл бойы қуғынға ұшыраса, Тәуелсіздік алғаннан кейін 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Оның жаза мерзімі 2024 жылы аяқталады.

Макс Боқаев

Макс Боқаев

Иә, 2016 жылғы жер көтерілісінен кейін Макс Боқаев пен Талғат Аянның аты бірге аталып келеді. Алайда биыл Талғат Аянның шартты түрде бостандыққа шығып, Макс Боқаевтың әлі күнге дейін түрмеде жатқаны түсініксіз. Осындайда Талғат Аянға көрсетілген «қайырымдылықтың» Макс Боқаевқа келгенде неге көрсетілмеді деген заңды сұрақ туындайды. 

Айта кететін болсақ, Макс Боқаев та Талғат Аян секілді 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мұхтар Жәкішев

Мұхтар Жәкішев

1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқарған Мұхтар Жәкішев 2009 жылы қамауға алынады. 2010 жылы 12 наурызда Мұхтар Жәкішевті Астанадағы аудандық сот 14 жылға бас бостандығынан айырады. Оған Венада «Қазатомпром» компаниясының заңсыз өкілдігін пайдаланып қосымша пайда тапты, астыртын касса ұстады деген айып тағылды.

Айта кететін болсақ, Мұхтар Жәкішев қамалғанға дейін өзінің аттасы Мұхтар Әблязовты түрмеден босатуды сұрап, кепіл болып жүрген.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір