• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:02:18
Алматы
+35°

26 Қараша, 2018 Аймақтар

Биыл Ақтөбеде 400 мың шақырым жол жөнделеді

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 400 шақырым көлік жолы жөнделеді

 

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 400 шақырым көлік жолы жөнделеді

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

  • Ақтөбе облысы - - Қазақстанның негізгі көлік және транзиттік тораптарының бірі, сондықтан көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады. Биыл облыс жолдарын салуды және жөндеуді қаржыландыру бір жарым есе өсті. Барлығы 37,5 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа 400 шақырым автокөлік жолы жөнделіп, салынды, бұл 2017 жылға қарағанда жүз шақырымға артық,- деді өңір басшысы.

Анағұрлым ірі жол жобаларының қатарында «Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Орск», «Ақтөбе қаласындағы оңтүстік айналма», «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк», «Дөң-Никельтау-Бадамша» автокөлік жолдарының учаскелеріндегі жөндеу-құрылыс жұмыстары бар.

Ақтөбе қаласында жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы 27,6 шақырымды құрады. Осы жылы Ақтөбеде көлік саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, екі айналма жол айрығы бар туннельді өтпежол ашылды. Сазды өзені арқылы өтетін көпір мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ауданындағы Ақтөбеден шығып кететін жолда өтпежол салынды. Құны 2,1 млрд теңге болатын жобаны жүзеге асыру өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Ұзындығы 67 метр болатын өтпежол қаланы «Батыс Еурорпа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен жалғап, сонымен қатар, көліктердің «Ақтөбе-Мәртөк» автокөлік жолында теміржол жолдарын кедергісіз әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.

Жалпы, жаңа көлік жол айрықтары облыс орталығының орталық көшелеріндегі трафикті азайтуға көмектеседі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір