• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:49:38
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 Оқиғалар

Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан

Өткен жылы Алматыда 16 мыңнан аса қаңғыбас ит ауланса, биыл небәрі 4 айдың ішінде олардың саны 5000-ға жуықтап қалған.

Биыл Алматыда 700-ден астам адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен. Жыл басынан бері мегаполисте 5 мыңға жуық ит ауланса, соның тек 600-ге жуығының ғана иелері табылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен жылы Алматыда 16 мыңнан аса қаңғыбас ит ауланса, биыл небәрі 4 айдың ішінде олардың саны 5000-ға жуықтап қалған.

Алматы қалалық Ветеринарлық қызметі қараусыз жануарларды аулау бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылықтың айтуынша,  күніне 70-ке жуық ит ұсталады екен. Бұл көрсеткіш маусымға байланысты өзгеріп тұратын көрінеді. "Қыс пен көктемде иттердің саны көбейсе, жаз айларында біршама азаятын иттерді, тек адамдарға шабуыл жасамасын деп қана емес, антропозооноз ауруынан сақтану үшін ұстаймыз", – дейді Әйгерім Жақсылық.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір