• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:52:18
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Аймақтар

Биыл 33 мың алматы тұрғыны әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі

Ағымдағы жылы 33 мың алматылық тұрғындар әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі

Ағымдағы жылы 33 мың алматылық тұрғындар әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Батырбекұлы мәлімдеді.  

Мейіржан Батырбекұлының ақпаратынша, Президенттің өткен жылғы Жолдауында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы тапсырмасын есепке ала отырып, ағымдағы жылы 2018 жылғы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен 50%-ға дейін ұлғайтумен аз қамтылған азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары басталды.   

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (әлеуметтік төлемдердің үш түрі біріккен: көпбалалы жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек)  шартсыз және шартты қаржылай көмек деп екіге бөлінеді.  

Шартсыз қаржылай көмекті жанұясында еңбекке жарамды тұлғалар жоқ жанұялар немесе жанұя мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтындар алады.  

Шартты қаржылай көмекті жанұя мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талабы қойылғандар алады.  

2018 ж. 12,5 мың аз қамтылғандарды қамту жоспарлануда, бұл мақсаттарға 546,7 млн. теңге бөлінген. 

2017 жылы барлығы әлеуметтік көмек түрлерімен 27 мыңнан астам адам 818 млн.теңге сомасында қамтылған. 2018 жылы 1 270,9 млн. теңге сомасында 33 мың адамды қамту көзделді. 

Қазіргі кезде коммуналды қызмет шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекті келесі категориялар алады:  

  • тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтылғандар  (2200 адам, 32 млн. теңге); 
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 5,5 АЕК көлемінде (313 адам, 49,6 млн. теңге). 

Өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда келесі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:  

  • атаулы әлеуметтік көмек (12,5 мың. адам, 546,7 млн. теңге); 
  • мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу (500 адам, 32,5 млн. теңге); 
  • жергілікті уәкілетті орган шешімімен ай сайынғы, жарты жылда бір рет берілетін, бірыңғай әлеуметтік көмек (12,9 мың адам, 414,3 млн.теңге). 

ҰОС қатысушыларының және мүгедектерінің естелік күніне әлеуметтік төлемдер: 

  • Жеңіс күніне (4430 адам, 184,5 млн. теңге); 

сонымен қатар 1986 ж. желтоқсан оқиғаларының ақтап шығарылған қатысушыларына: 

  • ҚР Тәуелсіздік күніне (237 адам, 7,1 млн. теңге). 

2017 жылы бірінші рет мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектерді алушылар қайтарымсыз телевизиялық абоненттік құрылғылармен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Аталған қызметтерді сомасы 560 мың теңгені құрайтын 51 адам қолданды, - деп хабарлады Мейіржан Батырбекұлы  өз сөзінде.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір