• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:57:20
Алматы
+35°

01 Маусым, 2018 Әлеумет

БҰҰ қырғыз қалыңдығының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

БҰҰ жүйесі күштеп некеге отырғызу мақсатында еркінен тыс ұрланған қыздың өліміне қатысты алаңдаулы.

БҰҰ Қырғызстандағы ұрланған қыздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Құжат ұйымның ресми сайтында жарияланды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

«БҰҰ жүйесі күштеп некеге отырғызу мақсатында еркінен тыс ұрланған қыздың өліміне қатысты алаңдаулы. Соңғы деректерге сәйкес, Қырғызстанда 13,8 пайыз 24 жасқа дейінгі қыздар күштеп тұрмысқа шығады. БҰҰ Қырғызстандағы заңсыз тәжірибені айыптап, жою туралы ойды толық құптайды», - делінген мәлімдемеде.

Ұйымның мәлімдеуінше, күштеп неке қидыру жеке адамның ғана құқығын шектеп қоймай, қоғамның берекесін қашырады. Қалыңдық ұрлау, күштеп неке қидыру, алып қашу сынды әрекеттер Қырғызстан салтына да, мәдениетіне де жат.

Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда 30 жастағы ер адам 19 жастағы Бұрұлай Тұрдалиеваны қыздың еркінен тыс алып қашқан. Артынша қыздың туыстары полицияға шағым түсіреді. Жайыл ауданы Сосновка ауылының инспекторлары жігітті қолға түсіріп, Бұрұлай екеуін аудандық ішкі істер бөліміне жеткізеді. Бірер сағаттан соң ер адам қызды полиция ғимаратында пышқатпа өлтіреді. Қыздың туыстары болған оқиғаға құқық қорғау органдарының өзін кінәлап отыр. Күдікті «күйеу жігіт» ұсталды, тергеу шаралары жүріп жатыр. Ал милиционерлерге қатысты «Немқұрайлылық» бабы бойынша іс қозғалмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір