• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:06:37
+35°

13 Қыркүйек, 2017 NEWS

БҰҰ Мьянмадағы қанды қырғынға қатысты кезектен тыс мәжіліс ашты

Рохинджа мұсылмандарына жасалған зорлық-зомбылық істеріне байланысты Мьянма басшысы Аун Сан Су Чиге көптеген елдерден наразылықтар күшейе түскендіктен, ол ...

Рохинджа мұсылмандарына жасалған зорлық-зомбылық істеріне байланысты Мьянма басшысы Аун Сан Су Чиге көптеген елдерден наразылықтар күшейе түскендіктен, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының істеріне қатыстырылмайтын болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бүгін Мьянмадағы қанды қырғынға қатысты кезектен тыс мәжіліс ашты. Халықаралық қауымдастықтың мәліметіне сүйенсек, рохинджа мұсылмандарына қарсы әскери әрекеттен 400-ден астам адам қаза болып, 370 мың халық Бангладешке бас сауғалап қашып барған. Сонымен бірге аймақта кейбір ауылдар түгелімен өртеніпті.

БҰҰ осы жайттарға байланысты, Мьянма үкіметін этникалық қырғынға жол бергені үшін айыптады. Ал Мьянма үкіметі болса өздерінің рохинджаның бүлікші күштерімен күресіп жатқанын, қарапайым халықтың зардап шегіп жатпағанын айтуда. Алайда Мьянма үкіметі не десе де, тұрғындарының басым көбі буддисттерден тұратын Ракхайн штатындағы мұсылмандарға жасалған қысымды жасыра алмайтыны белгілі. Әрі Рохинджа мұсылмандары бірнеше жылдан бері Мьянмада өмір сүріпкеле жатқанына қарамастан Мьянма үкіметі олады босқын ретінде санап келген. Әлемдік қауымдастық және көптеген елдің үкіметтері Мьянма басшысын "қырғынды тоқтатып, мұсылмандарды қорғауға ешқандай әрекет етпеді" деп айыптап отыр.

Айта кететін болсақ, Аун Сан Су Чи осыдан екі жыл бұрын билік басына келген. Одан бұрын демократияны қолдау кезіндегі әрекеттері үшін 15 жыл үй қамағында болыпты. Осы үшін де оған Бейбітшілік Нобель сыйлығы берілген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір