• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:36:45
+35°

07 Тамыз, 2017 Әлеумет

БҰҰ: Конгода сарбаз балалар өз құрбандарының қанын ішеді

«Камуина Нсапу» ұйымының сарбаздары Касаидың орталық провинциясына шабуыл жасау барысында жауынгерлер ретінде 7-13 жас аралығындағы жеткіншектерді пайдаланады.

Конго еліндегі сарбаз балалар жергілікті дәстүрге сай өз құрбандарының қандарын ішеді. Мұндай рәсім арқылы жеткіншек сарбазға қосымша күш дариды деп сенеді. Бұл туралы жұма күні БҰҰ адам құқықтарын қорғау комиссиясы хабарлады.

«Камуина Нсапу» ұйымының сарбаздары Касаидың орталық провинциясына шабуыл жасау барысында жауынгерлер ретінде 7-13 жас аралығындағы жеткіншектерді пайдаланады делінген баяндамада.

Магиялық рәсім кезінде сарбаз қыздар сабаннан жасалған белдемшелерін бір сілтеп алып, құрбандарының қанын ішеді.

БҰҰ хабарлағандай, жергілікті тұрғындар жеткіншектердің аталмыш рәсімге тартылғандарын өз көздерімен көрген. Тіпті бүгінде көбісінің бойын үрей билеген. «Бұл наным ел арасында кеңінен таралған. Балалардан тұратын сарбаздардың 1 жылдан кейін ұлттық әскер құрамына ене алатын күштері болады», – деп жазылған баяндамада. Баяндама Конгода өмір сүріп, қысымға шыдамай Анголаға көшіп кеткен тұрғындардың әңгімесінің желісімен жазылған.

Босқындардың айтуынша, жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдарға белсенді түрде араласып, әлгіндей ұйымдарға қолдау көрсетеді екен, тіпті биліктерін жүргізіп отырады.

Касаи провинциясындағы дағдарыс биліктің жергілікті көшбасшылардың бірі Жан-Пьеру Мпандиге «Камуина Нсапу» лақап атын беруден бас тартуынан басталған.

Бұл оқиғадан соң Мпанди билікке қарсы күш жинайды. Ол 2016 жылдың тамызында өлтірілді. Оның өлімінен кейін қысым көрсету күшейе түсті. Католик шіркеуі мен БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, 3 мыңға жуық адам өлтіріліп, 1,3 миллион тұрғын үйлерін тастап бас сауғалауға мәжбүр болды. Ал 30 мыңға жуығы Анголаға қашқан.

БҰҰ қызметкерлері Касаи провинциясына ең кемі 80-ге жуық адамдардың жерленген орнын анықтаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір