• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:06:39
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2019 Спорт

Бүркітші қыз Астанадағы өмірі туралы айтып берді

Ол қазір Астана қаласындағы Spectrum мектебінде мемлекеттік грант арқылы оқып жатыр.

Бүркітші қыз атымен танымал этникалық қазақ Айшолпан Нұрғайыпқызы Астанадағы өмірі туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Ол қазір Астана қаласындағы халықаралық "Spectrum" мектебінде мемлекеттік грант арқылы оқып жатыр. Айшолпан қала тұрғындарының қонақжайлығы мен ауа-райы туралы сөз қозғады. 

♦Бүркітші Айшолпан Елбасын Баян-Өлгейге шақырды: "Алыстағы ағайын бір жасап қалар еді"

"Мен туған жерімде білім алып жатқаныма қуанамын. Оқуым жақсы, бұл жерде ағылшын тілін меңгерудемін. Ал ауа райына келер болсақ, Астана біздің елге қарағанда әлдеқайда суық. Сондықтан маған аса қолайсыздық тудырмады", дейді бүркітші қыз.

♦Бүркітші қыз Айшолпанға құны 20 мың доллар тұратын білім гранты табысталды

Айта кетейік, 2016 жылы Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы «Бүркітші қыз» атты режиссер Отто Беллдің деректі фильмі шыққан болатын. Алғаш рет 2014 жылы ағылшынның Daily Mail басылымы «Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі — құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» атты Айшолпан жайлы мақала жариялап, оны бүкіл әлемге танымал етті. Қандасымыз 2018 жылы Қазақстанға арнайы шақырумен келіп, «Білім-инновация» ХҚҚ берген грантпен «Нұр Орда» мектеп лицейінде білім алып жатыр.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір